"Астана жұлдызына" қызу дайындық жүруде

"Астана жұлдызына" қызу дайындық жүруде

Бүгін, 5 шілде күні Астананың 15 жылдық мерейтойы қарсаңында, «Қазақстан» Орталық концерт залында «Астана жұлдызы» Ұлттық музыка бәйгесі өтеді. Атышулы шараға соңғы дайындық қалай өтіп жатыр?

"Қазақстан" Орталық концерт залындағы дайындық барысында осы бәйгеге жауапты адамдардың жұмысы әлі бітер емес.

Андрей Еременко – жобаның сахна қоюшы режисері: "Астана жұлдызы шарасының жоғары дәрежеде өтуіне кепіл беремін. Сахнадағы қойылымдар қонақтарды таң қалдырады," – деп қызықтырды ол. Айта кетсек, бұл украиндық режисер әлемдік дәрежеде танылған, түрлі қойылымдарды ұйымдастырған кісі.

Баян Есентаева да дайындыққа келіп кетті. Кештің басты жүргізушісі болатын ол бүгін көпшіліктің назарында болатыны сөзсіз. Сондықтан Баян бұл кеште киетін көйлегіне де үлкен мән бөлуде. Әртістің Instagram-ына сенсек, бүгін кешке мына керемет көйлекті көруіміз мүмкін.

Маржан Арапбаева кішкене қобалжу үстінде. Бәріне себеп – Маржанның "Астана жұлдызы" бәйгесіне "Қыздар арасындағы үздік орындаушы" аталымы бойынша қатысуы.  

Дайындықтың барысын қала әкімі Иманғали Тасмағамбетов келіп тексеріп кетті. 

Ұйымдастырушылар "Қазақстан" Орталық концерт залын ретке келтіріп, соңғы дайындықтар жүргізуде.

Естеріңізге сала кетсек, «Астана жұлдызы» Ұлттық музыка бәйгесі бүгін, 5 шілде күні, Елордамыздың 15 жылдық мерейтойы қарсаңында, «Қазақстан» Орталық концерт залында өтеді.

Арнайы Massaget.kz үшін Астанадан: Сания Аринова

С. А