"Опералия - 2013" VIII шақырады!

"Опералия - 2013" VIII шақырады!

«Опералия» Халықаралық фестивалі 2005 жылдан бастап Астана күні қарсаңында өткізілетін ең үлкен мәдени шаралардың бірі.

«Опералия» фестивалінде қала қонақтары мен тұрғындары әр жылы әлемнің үздік театрларындағы көрнекті балет пен опера жұлдыздарының өнерін тамашалауға мүмкіндік алады. Биыл фестивальға жоғары деңгейдегі жұлдыздар қатысады.

Концерттік бағдарламада Еуропаның үздік театрларының солистері: Джанлука Терранова (тенор), Глэдис Росси (сопрано), Рота Марчелло (дирижер) өнер көрсетеді.

«Әлемдік балет жұлдыздары» Гала-концертінде Санкт-Петербург қаласы Михайловский театрының балет премьерлары – Леонид Сарафонов және Оксана Бондарева, Нидерланды Корольдігі ұлттық театрының премьерлері Метью Голдинг және Анна Цыганкова, Одесса Ұлттық опера және балет театрының премьері – Мидори Терада және Окава Коя, Мюнхен балетінің премьері – Люсия Лаккара, Дино Марлон, Ресей Үлкен театрының солистері – Анжелина Воронцова және Карим Абдуллин, сондай-ақ «Астана-Опера» Мемлекеттік опера және балет театрының солистері – Мадина Басбаева және Рүстем Сейтеков, Таир Гатауов және Әйгерім Бекетаева, Гаухар Усина – Сержан Кауков өнер көрсетеді.

Дайындаған: Ардақ Құлтай

Сурет: inform.kz

А. Құлтай