Оқи отырыңыз

Талай жан бар аузыменен айды алар, қолымен қосаяқ та соға алмас.

Автор: Мұхтар Әуезов

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Жұлдызды блогтар —

Әкем айтқан алты ақыл
Әкем айтқан алты ақыл

Автор: Марғұлан Ақан

Статус: Контент-менеджер

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Мәдениет / Музыка / "Евровидение-2013" байқауы мәресіне жетті (Видео)

"Евровидение-2013" байқауы мәресіне жетті (Видео)

Халықаралық "Евровидения-2013" ән байқауының жеңімпазы анықталды. Биылғы жылғы байқаудың басты жүлдесін Only Teardrops әнімен Дания елінің намысын қорғаған Эммили де Форест жеңіп алды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әнші қыз конкурс қорытындысы бойынша жалпы саны 281 ұпайға ие болған екен. Ең үлкен 12 ұпайды дат қызына 39 елдің 8 қойған. Олар: Ұлыбритания, Сербия, Италия, Исландия, Франция, Ирландия, Словения және Македония. Ал 10 ұпайды Эммили де Форестке Швеция, Нидерланды, Венгрия, Бельгия, Германия, Черногория және Хорватия елдері қойыпты. Сегіз ұпайды Израиль, Испания және Эстония елдерінен алған.  


Екінші орынды Әзірбайжандық әнші Фарид Мамедов 234 ұпаймен иеленді.


Үшінші орын украин қызы Злата Огневичте. Ол 214 ұпайға ие болды. 


Байқаудың төртінші орны норвегиялық Маргарет Бергерге тиді. Ресейлік әнші қыз Дина Гарипова What if әнімен бесінші орынға жайғасты. Оның қоржынында 174 ұпай. Оған ең жоғары 12 ұпайды Эстония мен Латвия елдері қойған. 10 ұпайды Ұлыбритания, Ирландия, Словения елдері қойса, Сербия мен Беларусь сегіз ұпай берді.


Сондай-ақ үздік ондыққа Грекия, Италия, Мальта, Нидерланды және Венгрия елдерінің қатысушылары кірді. Одан кейінгі орындарда Молдавия, Бельгия, Румыния, Швеция, Грузия, Беларусь, Исландия, Армения, Ұлыбритания, Эстония, Германия, Литва, Франция, Финляндия, Испания, Ирландия орналасты.

Айта кетейік, байқауға дейін жасалған букмекерлер болжамының кейбірі орындалды десек те болады. Себебі олар да байқау жеңімпазы деп дат қызы Эммили де Форесті таныған болатын. Екінші орынды Злата Огневичке берсе, үшінші орынға норвег Маргарет Бергер орналасады деп шешті. Ресей намысын қорғаған Дина Гарипова букмекерлер есебінше төртінші орынды иеленді.

Байқаудың жеңімпазы кәсіби қазылардың және әр елден алынған дауыстардың саны бойынша анықталады. Жеңімпазға хрустальды микрофон сыйға беріледі. Сонымен бірге келесі жылғы байқау жеңімпаз атанған әншінің елінде өтетін болады.


Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: ria.ru
 

 

1553 6
Рейтинг: +1

Қосылған күні: 19 мамыр 2013, 16:47
Пікірлер
+0
19 мамыр 2013, 18:46

Даниялық қыздың әні ұнады) Дина Гарипова өз деңгейінде айтпаған сияқты

+0
19 мамыр 2013, 18:48

Әзірбайжан менің ойымша, бірінгі орын алуы керек еді! :o

+0
19 мамыр 2013, 19:13

Украинялық ән ұнады сол алу керек еді 1-ді

+0
19 мамыр 2013, 20:38

1 мен 2- тема екен керемет

+0
20 мамыр 2013, 01:59

Эммилидің еңбегі бар деп ойлаймын

+0
20 мамыр 2013, 09:55

Түскі үзіліс кезінде тыңдап шығу керек екен

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...