Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Арнайы жобалар директоры

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Мәдениет / Музыка / "Жаңа Толқын-2013" байқауында Қазақстан намысын ADAM қорғайды

"Жаңа Толқын-2013" байқауында Қазақстан намысын ADAM қорғайды

Жыл сайын Юрмала қаласында өтетін "Жаңа толқын-2013" жас таланттар байқауында Қазақстан намысын осы жылы ADAM қорғайды.

Осы жолы шет ел әншілерімен бақ сынасу Динара АДАМ бастаған ADAM Media Group орталығының түлегі, қарағандылық әнші ADAM-ға бұйырыпты. Байқаудың Мәскеуде өткен соңғы кезеңінде ADAM қазылар алқасын ерекше даусымен тәнті етті.

Болашағы айқын, бойында табиғи дарыны бар, өз ерекшелігі де жетерлік әнші Қазақстанда классикалық ритм-н-блюз жанры бойынша алғашқы орындаушы. Сонымен қатар джаз және этнорок бағытындағы өлеңдері бар. Орындаушының басты ерекшелігі – әнді таза, шынайы орындаумен қатар, драматургия мен жан тебірентер өмір тақырыбындағы әндерді тыңдармандардың жүрегіне жеткізуі.

«Сіздің санаңызға шынайылық, жүрегіңізге мейірімділік дәнін егіп, жаныңызды нағыз музыкамен сусындатамын. Мен сол үшін келдім. Қарсы алыңыздар!» – дейді ADAM.

Естеріңізде болса, ADAM-ның әнші ретінде тұсауы «Еуразиялық Muzzone EMA 2012» марапаттау кешінде кесілген еді. Ол «Muzzone EMA 2012» марапаттау рәсімінің шымылдығын «Жол» деп аталатын әнімен ашты. Әннің мәтінін жазған Перизат Жұмажан, сөз авторы – EL GATO. ADAM-ның орындауындағы аталған әннің негізгі мағынасы – өмірде өзіне тиесілі жолды адаспай табу.

Әу баста, Қазақстан үшін "Жаңа толқынға" шығу үшін 6 қазақстандық әнші сайысқан. Олар: Луиза Каринбаева (Луина), "Дауыс International" қыздар тобы, жас әнші Гүлнара Дамаева, X-factor-ға қатысқан Еркен Кенебаев, "Жұлдыздар фабрикасының" финалисі Оксана Устина.

25 жасар ADAM "Жаңа толқын" жартылай финалында халық әні "Япур-айды" ұсынды.

Дайындаған: Сания Аринова
Сурет әншінің жеке мұрағатынан алынған

Дайындаған: Сания А
Қосылған күні: 24 сәуір 2013, 13:01

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.