Қара парақ + ақ қарындаш

Малайзиялық Кай Ли атты суретші өзгелерден ерекше. Ол ақ параққа қара қарындашпен сурет салудың орнына қара парақ пен ақ қарындаш қолданады. Суретші дәстүрлі сурет салу бағытында білім алған. Десе де, ол тек майлы бояумен ғана емес, цифрлық сурет өнеріне, көше граффитиіне қызығады. Суретшіге көлеңкенің көп болғаны ұнайды, сол себепті, қара фон таңдаған.