Далидің картинасы 32 секундта қолды болды

Далидің картинасы 32 секундта қолды болды
Фото: vk.com

Сан-Францискодағы Dennis Rae арт-галереясынан Сальвадор Далидің "Өртенген жираф" картинасы ұрланды. Оның құны 20 мың долларға бағаланып отыр.

ABC7 телеарнасының хабарлауынша, ұры өнер жақұтын бар болғаны 32 секунд ішінде жымқырып үлгерген.

Галереяда бейнебақылау камерасы бар, бірақ дәл сол күні ол істен шыққан. ABC7 сыртқы бейнекамералардан жариялаған видеода ұры қолындағы кенеппен галереядан қалай тез сытылып шыққанын көруге болады.

Галерея директорының айтуынша, Далидің картиналары келушілерді қызықтыру үшін көрмеге қойылған. Ол станокқа арнайы кабельмен бекітілген, бірақ ұрлық кезінде кабельдің болмағаны анықталған екен. Яғни, оқиғадан бір күн бұрын кабель алынып, орнына қойылмаған. Әдейі жоспарланған болуы да мүмкін.

А. Оралқызы