Airbnb: Луврда түнеу мүмкіндігі пайда болды

Airbnb: Луврда түнеу мүмкіндігі пайда болды
Фото: vk.com

Атақты Airbnb сервисі Лувр мұражайымен бірлесе отырып саяхатшыларға қызықты қызмет ұсынды.

Негізгі бағыты Жер шарының түкпір-түкпірінен туристерге түнеп шығар орын табуға көмектесетін сервис бұл жолы Париждегі бір түніңізді Луврда өткізу мүмкіндігін береді. Сондай-ақ, Мона Лизамен кешкі ас ішуге де болады.

12 сәуірге дейін Airbnb-дің акциясына тіркеліп, ұтысқа қол жеткізген адам Мона Лизамен суретке түсерде картина алдына жиналған жүздеген турист кедергі бола алмайды. Мұндай мүмкіндік бұрын-соңды болмаған!

А. Оралқызы