Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Арнайы жобалар директоры

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / "Тинтин" комиксінің тарихы

"Тинтин" комиксінің тарихы

Жас бельгиялық репортер Тинтин туралы комикс балалар әдебиеті бөлімінде сатылып жатады. Алайда, “Тинтиннің шытырман оқиғалары” балалар әдебиетінен гөрі, 1920-60 жылдардағы оқиғаларды сипаттайтын, әр бөлімі тарихи оқиғалардың сыры мен құпиясына толы ересектер әдебиетіне жақын. Бүгін, Тинтин әлемінің құрылу тарихына сапар шегеміз:

ЭржеЭрже ортасында

Тинтин комиксінің авторы – бельгиялық Жорж Реми. Халыққа Эрже (R. G.) деген лақап атпен танымал. Реми 1907 жылы Брюссель қалашығында дүниеге келеді. Бала кезінен діни білім алады. 1920 жылдары Эрже жасөспірімдер журналында иллюстратор қызметін атқарады. 1929 жылы "Le Petit Vingtième" апталық басылымына шақырту алады. Бұл басылымда жұмыс істеп жүргенде Тинтин комиксінің негізі пайда бола бастайды, кейін 1940 жылы Эрже "Casterman" басылымына ауысады. Сол жылдан бастап Тинтин хикаялары бөлек журнал ретінде жарыққа шығады.

Эрже Тинтиннің хикаяларын баяндайтын 23 альбомды жарыққа шығарды. Эрженің көзі тірісінде шыққан бірінші альбом не қайта өңделмейтін, не боялмайтын еді. Алғаш рет альбомды әрлеп, оған бояу енгізу жұмысы 1981 жылы ғана қолға алынады.

фф
1930 — «Тинтин Үкімет әлемінде»
1931 — «Тинтин Конгоға аттанды» (түсті нұсқасы  — 1946 жылы)
1932 — «Тинтин Америкада» (түсті нұсқасы  — 1946 жылы)
1934 — «Фараон шылымы» (түсті нұсқасы — 1955 жылы)
1936 — «Көгілдір лотос» (түсті нұсқасы — 1946 жылы)
1937 — «Сынық құлақ» (түсті нұсқасы — 1943 жылы)
1938 — «Қара арал» (түсті нұсқасы — 1943 жылы)
1939 — «Скипетр Оттокара» (түсті нұсқасы — 1947 жылы)
1941 — «Алтын қысқышты шаян» (түсті нұсқасы — 1946 жылы)
1942 — «Жұмбақ жұлдыз» (түзетілген нұсқасы — 1954 жылы)
1943 — « "Пырақтың" құпиясы»
1944 — «Қызыл Ракхамның қазынасы»
1948 — «Жеті шыны шар»
1949 — «Күн хибадатханасы»
1950 — «Тинтин қара алтын әлемінде» (түзетілген нұсқасы — 1971 жылы)
1953 — «Межелі жер — Ай»
1954 — «Айдағы саяхатшылар»
1956 — «Оқытушы ісі»
1958 — «Қызыл теңіз акулалары»
1960 — «Тинтин Тибетте»
1963 — «Кастафиордің байлығы»
1968 — «Сидней 714 рейсі»
1976 — «Тинтин және Пикаростар»
1986 — «Тинтин және Альф-арт»

Тинтин деген кім?

тинтин хикаялары
Басты кейіпкердің есімін орыс тіліне Тантан және Тинтин деп аударды. Фонетикалық тұрғадан біріншісі түп нұсқаға жақын болса да, Тинтин атауы қолданысқа тез енді. XX  ғасырда Франция мен Бельгияда тегі Валентинов, Константиновтарды “Tintin” деп жиі атаған. Осылайша, “Тинтин” атауы орыс тіліндегі сөйлеу мәнеріне көбірек жақын бола түсті. 

Тинтиннің жасы да белгісіз. Бастапқы бөлімдерді ол өзін "жас репортер" ретінде таныстырады, түрі де 14 пен 20 жас аралығына келеді. Соған қарамастан, ол жақсы жұдырықтасады, ат үстінде еркін шабады, мерген әрі мінсіз скаут.

Бастапқы бөлімдерде журналист ретінде қызмет ететін Тинтин уақыт өте тыңшылықпен айналыса бастайды. Әрбір бөлімі жаңа детективті әрі шытырман оқиғаларға толы болады. Ал, соңғы бөлімдерінде Тинтин атақты адамның рөлін сомдайды және оған халық көмек сұрап барады.

Аббат Валлез және қытай студенті:

тинтин хикаялары

Эрже оның мансабының қарқынды дамуына екі адамның айтарлықтай әсері болғанын алға тартады: бірі – Аббат Норбер Валлез, "Le Vingtième Siècle" басылымының негізін қалаушы; екіншісі қытай студенті – Чан Чунжэнь. Аббат Валлез жас суретшіге апталық басылымда өз суреттерін басып шығаруға рұқсат беріп қана қоймай, оған қолдау көрсеткен.

1934 жылы "Тинтиннің Шығыстағы хикаяларымен" (Көгілдір лотос) жұмыс жасап жүрген Эрже толық ақпарат алу үшін Брюссельде білім алып жатқан қытай студенті Чан Чунжэньге қолқа салады. Осылайша, қытайға саяхаты студент арқылы жүзеге асады. 1935 жылы қытай студенті өз еліне оралады. Ал, жақын досымен Эрже небәрі 1981 жылы ғана қайта кездеседі. Ал, Чанның прототипі комиксте Чан Чон Ень есімімен “Көгілдір лотос” және “Тинтин Тибетте” бөлімінде кездеседі.

0
Рейтинг: +1

Дайындаған: Томирис Есқали
Фото: tintin.com
Қосылған күні: 02 қазан 2018, 10:17

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.