"Джек - алыптарды бағындырушы" 2013-тің ең сәтсіз фильмі атанды

"Джек - алыптарды бағындырушы" 2013-тің ең  сәтсіз фильмі атанды

"Джек - алыптарды бағындырушы" фильмі прокатқа шыққан 4 аптада авторларға миллиондаған доллар шығыннан басқа ештеңе әкеле алмады.

Болжам бойынша, картинаның жинайтын қаржысы 200 миллион доллардан аса алмайды. Бұл болжам шындыққа айналса, Warner Bros және Legendary Pictures компаниялары 125-тен 140 миллион долларға дейін шығынға ұшырамақ.

Айта кетелік, фильм бюджеті 195 миллион долларды құраса, жарнама жұмыстарына тағы 100 миллион доллар кеткен.

Естеріңізге салайық, лента режисері Брайн Сингер. Басты рөлдерді Эван МакГрегор, Йен МакШейн, Николас Холт, Билл Найи, Стэнли Туччи, Уорвик Дэвис секілді актерлар сомдады.

Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан

сурет: rutube.ru