Батырхан Шүкенов музыкалық комедияға түсті

Батырхан Шүкенов музыкалық комедияға түсті

Батырхан Шүкенов түскен «Препод» фильмі мамыр айының екінші жұлдызында кинотеатрлардан көрсетіле бастайды.

Фильм «Қазақфильм» киностудиясының туындысы. Фильмнің музыкалық продюсері әншінің өзі Батырхан Шүкенов болды. Пордюсердің сөзі бойынша, фильм түсіруде шетел мамандарымен бірігіп жұмыс жасаған екен.

Ұйымдастырушылар фильмнің шығуымен-ақ халық жаңа шығып келе жатқан жас дарындарды танитын болады дейді.

Фильм сюжеті бойынша, «Орда» тобының солисі Дастан Оразбеков сомдайтын кейіпкер өзінің сүйген бойжеткенінің жүрегін жаулау үшін өзін мұғалім деп таныстырады. Бойжеткен рөлін Айсұлу Әзімбаева сомдайды. Бас кейіпкер өз ісінің маманы болмағандықтан, небір қиындықты бастан өткереді.

Режисерлік жұмысты литвалық Славомир Леоньтев пен латвиялық Виктор Вилкс жасаған. Естеріңізге сала кетсек, бұл режисерлер бұған дейін Земфира, «Би-2» тобы және «Мумий Тролль» жобаларымен жұмыс жасаған.

Фильмнің түсірілім жұмыстары екі ай бойында Алматы мен Астана қалаларында жүрген.

Дайындаған: Ардақ Құлтай

Сурет: tengrinews.kz

А. Құлтай