Брюс Ли жайлы биографиялық фильм түсіріледі

Брюс Ли жайлы биографиялық фильм түсіріледі

QED International және Groundswell Productions компаниялары Брюс Ли жайлы «Айдаһардың өмірге келуі» (Birth of the Dragon) атты биографиялық фильм түсіру үшін бірікпек.

Аңызға айналған актердің өмірі жайлы фильмді тартымды ету үшін кинематографистер фильмді жартылай боевик етуге тырыспақ ниетте екен. Сюжеттің негізі ретінде Лидің кунг-фудың үздік шебері қытайлық Вонг Джек Манмен текетіресін алған. Ол Брюстің азиат емес балаларды төбелес өнеріне үйрету үшін АҚШ-қа аттанатынын білгенде жекпе-жекке шақырады. Жеңілген жағдайда Ли азиат емес балаларды оқытудан бас тартып, жаңа ашылған мектепті жабуға мәжбүр болады. Сам Вонг уақыт өте келе балалардың тері түсі еш маңызсыз болғанын айтқанымен, 1964 жылы Сан-Францискода жабық жекпе-жек өткен және Брюстің жеңісімен аяқталған. Және бұл соңы емес. Тек басы ғана. Бар оқиға осы жекпе-жектен кейін басталады: авторлардың жоспарынша Айдаһар қарсыласымен бірігіп, жергілікті Чайнатаунды бақылайтын қытайлық триадаларға қарсы күресті бастайды.

Сценарист Стивен Джей Ривел мен Крис Уилкинсон Брюс Лидің өмірінен көпшілікке беймәлім осы бөлігін халықаралық деңгейде аңызға айналу жолын сипаттау үшін трамплин ретінде алмақ.

Ал режисер мен басты рөлдегі актер кім болатыны әлі қарастырылып жатыр.

Дайындаған: Ардақ Құлтай

Сурет: guardian.co.uk

А. Құлтай