Мамыр айында шығатын 6 дорама

Мамыр айы да келіп жетті. Бұл айда шығатын жаңа дорамалар көп. Олардың арасында романтикалық та, "кеңселік" те, тіпті, ғылыми фантастика да бар. 

1. "Мен сені кездейсоқ кездестірдім" ("Ты, кого я встретил случайно")

Шығатын уақыты: 1 мамыр 2023 жыл
Рөлдерде: Ким Дон Ук, Чжин Ки Чжу

Бұл уақыт бойынша саяхаттауда адасып, 1987 жылда қалып қойған екі адамның өмірі көрсетілген фантазиялық дорама.

2. "Біз жақсы көрген нәрселер" ("Все, что мы любили")

Шығатын уақыты: 5 мамыр 2023 жыл
Рөлдерде: О Се Хун, Чо Джун Ён, Чан Ё Бин

Бұл романтикалық дорамада басты рөлді EXO тобындағы Сехун ойнайды. Сюжет бойынша, екі жақын достың бірі екіншісіне бүйрегін беріп, донор болады. Алайда олардың достығы сыналады, себебі олар екеуі бір қызға ғашық болады.

3. "Кумихо жайлы аңыз 2" ("Сказание о Кумихо 2")

Шығатын уақыты: 6 мамыр 2023 жыл
Рөлдерде: Ли Дон Ук, Ким Бом, Ким Со Ён, Рю Кён Су

Ли Дон Ук кумихо рөліне қайта оралады. Бұл оригинал сериалдың жалғасы. Ли Ен бұрынғы шаққа тап болып, 1938 жылда қалып қояды. Ол қазіргіні қайта орнына келтіре ала ма?

4. "Жарыс" ("Гонка")

Шығатын уақыты: 10 мамыр 2023 жыл
Рөлдерде: Ли Ён Хи, Хон Чжон Хён, Мун Со Ри, Чон Юн Хо

Бұл кеңселік дорамада саясат пен авантюра бар. Сериалда компанияның PR-бөліміне жұмысқа қабылданған Пак Юн Чжо өмірін көрсетеді. Ол өзін жұмысқа толықтай арнауға дайын болады, бірақ ол өзінің "ерекшелік" үшін қабылданғанын біледі.

 5. "Қара рыцарь" ("Черный рыцарь")

Шығатын уақыты: 12 мамыр 2023 жыл
Рөлдерде: Ким У Бин, Ли Со Ём, Сон Сын Хон, Кан Ю Сок

Аңызға айналған Ким У Бин экранға оралады. Бұл ғылыми-фантастикалық сериалдағы әрекеттер ластанған ауа себебінен адамдар сыртқа тек газқағармен шыға алатын болашақта өтеді. Ким У Бин - курьер. Заттарды жеткізіп беретін қызметкерлерді рыцарь деп атайды. 

6. "Тиімді алдау" ("Выгодная афера")

Шығатын уақыты: 29 мамыр 2023 жыл
Рөлдерде: Чхон У Хи, Ким Дон Ук

Ли Ро Ум — алаяқ. Хан Му Ён — адвокат. Бұл бір-біріне мүлдем ұқсамайтын екі адам бір мақсат - кек алу үшін бірігеді.