Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Мәдениет / Кино / Аян Өтепберген: «Ермаханның рөлін сомдайтын болдым!»

Аян Өтепберген: «Ермаханның рөлін сомдайтын болдым!»

Аян Өтепберген: «Ермаханның рөлін сомдайтын болдым!»

Құрметті оқырман, жас актер Аян Өтепбергенмен сұхбаттасуды жөн көрдік. Өзінің жаңалықтарымен, шығармашылығымен бөлісе отырып, қызықты сұхбат жасады. 

- Аян, сұрақтан бұрын сұрақтар туралы әңгіме қозғайық. Саған «Жаужүрек мың бала» фильмінен соң, көптеген журналистер келіп, сұхбат алады. Қандай сұрақтар қойылады? Ал сен өзіңе қандай сұрақтар қойылғанын қалайсың? Жалпы, елге айтар сөзің...

- Халыққа ой тастау, көкейдегі сөзді айту біз үшін әлі де ертерек деп ойлаймын. Бір фильм - бір өнер емес, өнер ұшы-қиыры жоқ теңіз. Біз соған енді ғана кіріктік. Ал жалпы халықтың алдына шығып, түрлі баспасөзге сұхбаттар, пікірлер беру үлкен жауапкершілікті талап етеді. Әрине, журналистер көптеп келеді. Жауап бергенде ойыңдағы жәй ғана салмақсыз дүниені айта салмау керек сияқты. Егер жақсы сөйлесең, оқырмандарыңның ішінде ең болмағанда бір адам жақсы жағына түзелетін шығар.

- «Сары пресса» аталып жүрген басылымдардың негізгі сұрағына жауап берсең. Мені түсіндің-ау деймін...

- Бірден айтайын, қызым жоқ. Басым бос. Бірақ қазірден бастап үйлену жайында біраз ойланатыным да бар. Шын айтсам, келер 5-6 жылдың еншісіндегі мәселе деп ойлаймын. Қазірде енді ойымыздың бәрі білімде, шығармашлықта болып жүр ғой.

- Интернетте өзіңді жарнамалауға қалай қарайсың? Twitter, Facebook, басқа да әлеуметтік желілерде барсың ба?

- Заман солай ғой. Бір-ақ жақтан айтып, жақсы не жаман деп айта алмас едім. Мәселен, өзім керектінің барлығын интернет бетінен тауып аламын. Мәдени жаңалықтарды оқып отыратын әдетім бар. Бастысы адам өзіне шектеу қоя білуі керек.

- Дамыған елдерде актерлер сериал актері, фильм актері, театр актері болып, әрқайсысы бір ғана салада көрінеді. Ал бізде театр актері фильмде де ойнайды, арзан әзілі бар телетоптамаларда да ойнайды. Сен қай жолды таңдар едің?

- Менің ойымша, кез келген актер ең бірінші кезекте театрдан бастауы керек. Театрдан рухани азық алуға болады. Осы мамандықтың жілігін шағып, майын ішкен ұстаздарды көріп өсесің, бұл ең дұрысы. Сондықтан, өзім оқуды бітірген соң, театрдан бастасам деген ойым бар.

- Жақында Асылхан Төлеповтың Бекзат Саттарханов жайлы фильмге түсетінін БАҚ-тар жарыса жазды. Ал саған мұндай ұсыныстар түсіп жатыр ма?

- Енді құпиямды ашайын. Мен фильмде Олимпиада чемпионы Ермахан Ибраимовтың рөлін сомдайтын болдым. Фильмнің режисері Ермек Шахмет. Ол Талдықорған облысының жас режисері. Оның ұсынысына Асылхан екеуміз бірден-ақ келістік. Себебі ойы бізге шынымен ұнады. Қазақтың атақты боксшыларының рөлін сомдау кез келген актердің бағына бұйыра бермейтіні рас. Қазірде Ермахан ағамның адамгершілік болмысын зерттеу үстіндемін. Бұл кісінің әзілдері де қызық. Бірде жас кезінде орыс тілінде сөйлей алмаймын деп жүрген ағама біреу «Ты левша?» десе, «Нет, я Ермахан!» деген екен. Қызығы қызық. Сол секілді детальдарын алып, достарының ол туралы пікірлерін біліп, образ жасау үстіндеміз. Оның көркем образын жасауға тырысып жатырмыз. Фильм түсірілімі наурыз айында басталады.

- Әңгімеңе рақмет, Аян! Сәттілік молынан болсын!

Әңгімелескен: Ардақ Құлтай

Сурет: жеке мұрағат

10
Рейтинг: +5

Дайындаған: Ардақ Құлтай
Қосылған күні: 08 ақпан 2013, 16:36

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.