Қайталай аласыз ба? Үнді киносындағы "Naatu Naatu" әні мен биі көпшілікті тәнті етті

Қайталай аласыз ба? Үнді киносындағы "Naatu Naatu" әні мен биі көпшілікті тәнті етті
Фото: indiatvnews.com

Үнді киносы қайтадан трендте. "RRR" фильміндегі қуанышқа және энергияға толы нөмір кино жарыққа шыққанға дейін көрермендердің жүрегін жаулап үлгерді. Ал енді ең үздік ән номинациясы бойынша "Алтын Глобус" ұтып алды. "Naatu Naatu"-дың құпиясы неде?

Үнділік екі жігіттің биі Желіде фильмнің тұсаукесері болмай жатып пайда болды. Бұл режиссер С.С. Раджамулидің "RRR" деп аталатын фильмі. Бұл би ересектердің де, балалардың да көңілінен шығып, оны қайталап, олар әлеуметтік желілерде челленждер ұйымдастырып кетті. Шынымен де, бұл әнді естіген кезде бір орында қозғалмай тұру мүмкін емес.


"Naatu Naatu" әнінің толық видеосы

Бұл орайда кинематография мамандары Желі қолданушыларымен келісті: бұл ән-би нөмірі "Оскар 2023" және "Алтын Глобус 2023" сыйлықтарына ұсынылды. "Алтын Глобус" нәтижелері шықты: "Naatu Naatu" - әлемдік сыйлықты алған алғашқы үнді фильмнің әні.

2008 жылы "Кедейден шыққан миллионер" ("Миллионер из трущоб") фильміндегі ән "Оскар" алды, алайда бұл фильм ұлтаралық жоба болды. Оны британдық Дэнни Бойл басқарған болатын.

@asquarecrew #NaatuNaatu #newvideo #foryou #foryoupage #goviral #rrrmovie #ntr #ramcharan #ssrajamouli #asquarecrew ♬ original sound - ASquare Crew

"Naatu Naatu" әнін композитор М.М. Киравани және ақын Чандрабосе жазды, ал әнді айтқандар - Рахул Сиплигундж және Каала Бхайрава. Фильмдегі басты рольде ойнаған актерлер ағалы-інілі Рам Чарам мен Рама Рао, екеуі де керемет бишілер.

@neha.moves Naatu naatu? #naatunaatu #sisters #dancechallenge #dancers #telegu ♬ original sound - Mahaveerabhimanyu

Фильм сюжеті бойынша, үнді ағайындылар британдық байлардың үйіне қонаққа келеді және би жарысын ұйымдастырады. Оқиға өткен ғасырдың 20-жылдарында болады.

@seantenedine NAATU NAATU ?? @gorty.anand #naatunaatu #rrr #jrntr #ramcharan #telugu #telugutiktok #tiktoktelugu #telugusong #browntiktok #goldenglobes ♬ Originalton - BollywoodCorner

"RRR" фильміндегі бұл нөмірдің ерекшелігі – бұл жерде үнді өнерінің ежелгі дәстүрлері мен заманауи бидің араласуы. Naatu Naatu биінің негізі – хук-степ: Қозғалыстар реттілігін дайындықсыз қайталау қиын, бірақ біраз жаттығу арқылы үйренуге болады.

А. Жапатова