Оқи отырыңыз

Талай жан бар аузыменен айды алар, қолымен қосаяқ та соға алмас.

Автор: Мұхтар Әуезов

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Мәдениет / Кино / «Сэйлор Мун» (Sailor Moon) анимесі

«Сэйлор Мун» (Sailor Moon) анимесі

«Сэйлор Мун» (Sailor Moon) анимесі

Кеңес дәуірі ыдыраған тұста туылған балақайлардың барлығы дерлік Жапонияның «Сэйлор Мун» (Sailor Moon) анимациялық туындысын көріп өсті. «Сэйлор Мун» (Sailor Moon) анимесі Жапонияда «ең әдемі аниме» атағын иеленген.

«Сэйлор Мун» (Sailor Moon) 1992 жылы көрсетіле бастаған сәттен-ақ көрермендердің ықыласына бөленіп, бес жыл бойы арналардан түскен жоқ. Бұл медиа-франчайз Жапонияда ғана емес, сондай-ақ, Австралия, Франция, Бразилия, Италия, Испания, ТМД елдерінде көрсетіліп, үлкен танымалдылыққа ие болған.

Аниме кейіпкерлерінің дизайнын Икуто Ито, Кадзуко Тадано және Кацуми Тамэгаи жасаған. Суретші-дизайнерлер кейіпкерлердің әсем келбетімен қатар, сиқыр мен ғажайып іс-әрекеттерді шынайы көрсете білді.

Аниме кейіпкерлері әр түрлі болғанымен, оларды шынайы достық пен алға қойған үлкен мақсаттары біріктірді. Әрқайсысының өзіндік күші бар. Барлығы өз күштерін ортаға салғанда олар кез келген жауға қарсы тұрып, жеңіп  шығады. Жанарларынан сұлу жандары көрінген сэйлор-сарбаздар талай қыздардың сүйікті кейіпкерлеріне айналған.


Банни (Усаги) Цукино – жаны таза, өмірге құштар жасөспірім. Ол қызықты әрі орынсыз жағдайларға жиі түсіп тұрады. Оның кішкентай балаға тән қылығы бар. Алайда, Сэйлор Мун сарбазына айналған сәтте ол аңғал мінезін артқа тастап, әділдік пен мейірімділік үшін күреседі.


Ами Мицуно – Баннимен бірге оқитын салмақты әрі ұяң ару. Оның IQ дәрежесі 300-ге жетеді. Өте ақылды. Сейлор Меркурийге айналғанда ол су күшін қолданып, Сэйлор Мунге көмекке келеді.


Рэй Хино – өжет мінезді қыз. Болашақты болжап, Сэйлор Марсқа айналғанда от күшін басқарады.


Макото Кино – тәуелсіз әрі жігерлі қыз. Ата-анасынан ерте айырылған. Сейлор Юпитерге айналғанда оның найзағай басқаратын күші пайда болады.


Минако Айно – кербез мінезді ару. Баннидің жақын құрбысы. Сэйлор Венера болған сәтте ол сылқым мінезін ұмытып, әділдік үшін күресетін жанға айналады.

Анименің басты бес кейіпкерлерінің жанына кейін Мичиру Кайо (Сэйлор Нептун), Харука Тено (Сэйлор Уран) және Сецуна Мэйо (Сэйлор Плутон) қосылды.

Ал жұмбақ жан Такседо Маск (Мамору Джиба) кез келген уақытта сэйлор-сарбаздарға қолұшын созады.


Сэйлор-сарбаздардың ішіндегі ең кішкентайы Сэйлор Балақай (Сэйлор Малышка) көрермендердің көзайымына айналды.

«Сэйлор мун» анимесі – шынайы достық, адалдық, құрмет, ізгі ниетті кеңінен көрсететін туынды. Әділдік үшін күресетін мейірімділік пен сенімділік сияқты игі күштер талай көрерменнің жүрегін жаулағаны сөзсіз.

Суреттер: diary.ru, samogo.net, sailormooneternal.narod.ru

579 0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Ғазиза Ұзақ
Қосылған күні: 26 ақпан 2012, 11:00
Пікірлер
+0
26 ақпан 2012, 12:24

мен де осы анимені көріп өстім :)

+0
26 ақпан 2012, 15:22

уа мен де көрдім))))

+0
26 ақпан 2012, 15:23

қыздарский аниме болғанымен, қызық еді

+0
26 ақпан 2012, 17:44

бізде аниме түгілі теледидар да болмаған

+0
27 ақпан 2012, 10:16

Саммитстан елінде теледидар болмаған-ау деймін??? Бірақ инетті жақсы игеріпсің ғой балам!!!

+0
26 ақпан 2012, 19:53

Менің балалық шағым )

+0
01 наурыз 2012, 10:29

Балалық шағымның жаңғырығы. Негізі, розовый түске деген негативті көзқарасым Сейлр Балақайдан бастау алған

+0
01 наурыз 2012, 10:52

шынымды айтсам осы анимені мен былтыр ғана таңертең қызым көргенде көретінмін жұмысқа жиналып жүріп))) мен жаңа шыққан екен десем)))))))))))))))

+0
31 наурыз 2012, 21:51

мен кишкентай кезимде тамсана коретин едим. типти ол туралы тус корип сикырга ие болатынмын тусимде.ертенине соган ризаааа болып журетин едим. сиқырға катты сенетин едим :D

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...