"Трендке айналған біртүрлі би". Танымал "Уэнсдей" сериалы туралы қызықты фактілер

Netflix-тің кезекті жобасының бірінші маусымы сәтті аяқталды. "Уэнсдей" сервистің барлық рекордын жаңартты және көрілім бойынша танымал "Тым оғаш оқиғалар" ("Очень странные дела") сериалынан да асып түсті. Оның мұндай жетістігі немен байланысты?

Сериал Гомес және Мортиша Аддамстың қызына арналған. Уэнсдейді "Невермор" жабық интернат-мектебіне аударады. Бұрынғы оқыған жерінен оны сыныптасын өлтіргісі келгені үшін шығарып жібереді. Алайда жаңа мектепте ол ойлағаннан да қызық болып шығады. Ол өзінің жаңа қабілеті барын анықтап, жергілікті маньякті іздеуге кіріседі.  

Мистикалық детективті Тим Бертон түсірді. Егер "қара" әзілді жақсы көрсеңіз, "Уэнсдей" сіздің көңіліңізден шығады.

1-факт: Біртүрлі қыз Уэнсдей көпшілік көрерменнің жүрегін жаулап алды. Фанаттарға әсіресе оның биі ұнап қалды. Әлеуметтік желі қолданушылары кейіпкердің біртүрлі би қозғалыстарын қайталап, флешмоб бастады. Бір қызығы, бұл биді Уэнсдейді ойнаған актриса Дженна Ортега өзі ойлап тапқан.

2-факт: Уэнсдейдің жаңа академиясында оның өз көмекшісі болады. Ол — Зат есімді қол. Тим Бертон үшін бұл рөлді шынайы адам ойнағаны маңызды болды. Ол адам қолының қозғалыстарын ешбір компьютерлік графика жақсы жеткізе алмайды деп санады. Сондықтан бұл рөл сиқыршы Виктор Доробантаға берілді. Кадрда тек оның қолы көрініп тұру керек болды. Ал қалған денесін монтаж арқылы алып тастау оңай болу үшін оған арнайы костюм кигізілді. Бұл костюді киюге 3 сағат кететін болған. Дұрыс ракурс алу үшін Виктор түсірілім алаңында біртүрлі жерлерде жатуға мәжбүр болады.

3-факт: Сериал түсірілімі 70 локация мен 6 киностудияда өтті. Олардың арасында "Қансорғыштар күнделігі" ("Дневники вампира") сериалы түсірілген алаң да бар.

4-факт: Сериалға түсу үшін Дженна Ортега үлкен дайындықтан өтті. Ол виолончельде ойнауды үйренді, семсерлесу және садақ ату сабағын алды. Сондай-ақ ол неміс тілін үйренетін курсқа барды. Осының арқасында да сериал кейіпкерлері тартымды болып шықты.

5-факт: Сериалда Уэнсдей көзін мүлдем жұмбайды. Бұл Тим Бертонның идеясы. Сол үшін әр жаңа дубльде Дженна көзін мүлдем жұмбау керек болды.

@ladygaga BLOODY WEDNESDAY #fyp ♬ original sound - main account got banned

6-факт: Леди Гаганың "Bloody Mary" әні 2011 жылы шыққан болатын. Алайда ол сериалда қолданылғаннан кейін iTunes, Apple Music және басқа да музыкалық платформалардағы хит әндердің бастапқы орнына шықты.