"Я люблю его, мама" сериалының актерлері қазір қандай?

2000-жылдары Қазақстанда латынамерикалық сериалдар көбейді. Оңтүстік Америка киноөндірісінің өнімдері көгілдір экранда қаптап кетті. Біз бүгін венесуэлалық "Я люблю его, мама" сериалының актерлеріне тоқталамыз.

Сериал "Хабар" телеарнасында алғаш рет 2000 жылдың жазында көрсетілді. Содан кейін ол қайталанды: 2001 жылдың көктемінде және соңғы рет 2002 жылдың жазында. Сериал жасөспірімдер, алғашқы махаббат және екі топ арасындағы бәсекелестік туралы.

Көпшіліктің жүрегін жаулаған сериалдың түпнұсқа атауы - "Entre tu y yo". Мелодрама, комедия, мюзикл жанрларындағы картина қазақ жасөспірімдерінің жүрегінен ойып тұрып орын алды. 

Музыкалық серияның сюжеті Каракаста тұратын заманауи Ромео мен Джульеттаның оқиғасына негізделген. Жасөспірімдер арасындағы романтикалық және эмоционалды қарым-қатынас ыстық латынамерикалық сальсаның сүйемелдеуімен дамиды. Нәзік қарым-қатынастар дау-дамайлар мен қақтығыстар, қарсыластар арасындағы төбелес және әзіл-оспақ көріністерге ұласады. "Мен оны жақсы көремін, мама" сериалындағы басты рөлдерде әйгілі венесуэлалық Salserín музыкалық тобының және Club Tigritos балалар бағдарламасының талантты өнерпаздары ойнады. Сериалды әлі де жастар аудиториясына ұсынуға болады.

Хулио Иглесиастың туындысының көркі болған Ренни Доносо, Роксанна Чакон, Рене Веласко, Йоргелис Делгадо, Хосе Феликс Себальос, Наташа Молл, Хуан Карлос Ларес, Карла Менезес, Вильмер Мачадо сынды жас актерлер бүгінде орта жасқа кеп қалды. Олардың қазіргі суреттерін көру миллениалдардың жанын бір ностальгияға бөлері анық, ендеше мәрхабат.

Естеріңізде болса, бас кейіпкерлердің ішінде Ренниді Ренни Доносо, Альбаны Роксана Чакон, Ренені Рене Веласко, Фабиананы Йоргелис Делгадо, Клаудияны Наташа Молл сомдаған еді. 


Ренниді сомдаған Ренни Доносо қазір 41 жаста

Венесуэла мен бүкіл Латын Америкасында таланты мен харизмасы һәм сұлулығымен атақ-даңққа қол жеткізген Роксана Чакон Альбаны сомдады.

Фабиананы сомдаған Йоргелис Делгадо қазір 39 жаста

Клаудияның рөлінде ойнаған Наташа Молл қазір 37 жаста

Бір қызығы, 2000-жылдары экраннан тамашалаған кезде сериалдың түсі қанық, күн сүйген көңілді латиностардың көтеріңкі көңіліне еліте әкететіндей ғажап әсер етуші еді. 22 жыл өткеннен кейін қарағанда кадрларының мүлдем сапасыз көрінетіні сенің көргенің мүлдем бұл сериал емес сияқты әсер қалдырады екен.