"Аватар" фильміндегі актрисаның гримсіз түрі қандай?

Үш "Оскар" мен екі "BAFTA" премиясын алған Джеймс Кэмероннің "Аватар" фильмі таныстыруды қажет етпейді. "Аватар" шыққаннан бері 13 жыл өтіп кеткеніне сену қиын.  Алайда бүгін фильм жайлы емес, Нейтириді ойнаған актрисаға тоқталайық.

Бұл актрисаның есімі — Зои Салдана. Оның балалық шағы Нью-Йоркте өтті. Зои кішкентайынан шығармашыл болды. Ол би студиясына жазылып, жетістіктерге жетті және ұжымдармен өнер көрсетіп жүрді. 

Кейін Зоиді режиссерлер байқады. Оның мансабы жақсы дамыды. Сондықтан актрисаны көптеген картиналардан байқаған боларсыз. 2000 жылы Зои үлкен киноға дебют жасады: ол балериналар жайлы "Авансцена" фильміне түсті. Бұл жанр оның жанына жақын болатын.


ofigenno.com

Актрисаның тағы бір рөлі "Кариб теңізіндегі пираттар: Қара інжу моншақтар қарғысы" фильмінде болды. Зоидің кейіпкері экранда көп көрінбесе де, есте қаларлық рөл болды деуге болады.


fatcatslim.ru

Зои "Галактика сақшыларында" да Гамораны гриммен ойнады.


metronews.ru

2018 жылы Зои Салдана Голливудтағы "Даңқ аллеясында" жұлдызға ие болды.


rus.delfi.lv

Актрисаның жеке өміріне тоқталсақ, Зои 2013 жылы итальяндық суретші Марко Перегоға күйеуге шықты. Қазір олардың үш баласы бар. Талантты әрі сұлу актриса биыл 44 жасын тойлады.

"Аватардағы" Нейтириді ойнаған осы актриса екенін білген бе едіңіз?