Зенаны ойнаған актриса қазір қандай?

Өз уақытында "Зена —  жауынгерлер патшайымы" ("Xena: warrior princess") сериалы өте танымал болды. Ол 1995 жылы басталып, 2005 жылы аяқталды. Бұл сериал түрлі елдерде көптеген көрермендердің жүрегін жаулап алды.

Басты рөлді ойнаған актриса "Зенадағы" жұмысының арқасында танымал болып кетті. Люси Лоулесстің бұған дейінгі актерлік тәжірибесі үлкен емес. Ол Зена рөлін "Гераклдің таңғажайып саяхаттары" сериалында ойнады. Кейін авторлар Зенаға арналған spin-off түсіруді шешеді. Ол танымалдылық жағынан Гераклден асып түсті.

Люси сұқбаттарында түсірілім аяқталған соң оған оңай болмағанын айтатын: актрисаны басқа көлемді жобаларға шақыруға асықпады, себебі Зена рөлі актрисамен тығыз байланыстырылатын.

Дегенмен де, Люсидің актерлік мансабында ұзақ үзілістер болған жоқ: шағын және эпизодтық рөлдер көп болды, бірақ олар Зенаның жетістігіне жеткен жоқ.

Люси Лоулесс сериалдарға белсенді түсті. Сондай-ақ ол 2002 жылы "Өрмекші адамда" эпизодтық рөлді ойнады.

Актриса жеке өмірін көпшілікке жария ете бермейді. Ол "Зена" түсірілімі кезінде сериалдың атқарушы продюсеріне екінші рет күйеуге шықты.


kinowar.com

Қазір актриса 54 жаста. Ол "Greenpeace" — қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық үкіметтік емес ұйымның белсенді қатысушысы. Люси Лоулесс әлі де фильмдер мен сериалдарға түседі, музыкалық жобаларға қатысады және үш баланы тәрбиелеп өсіруде.