Болған оқиға негізінде түсірілген фильмдер

Демалыста көруге болатын болған оқиға негізінде түсірілген қызықты фильмдер топтамасын ұсынамыз.


Жасыл кітап

Зеленая книга

1962 жыл. Бай қара нәсілді музыкант жүргізуші және оққағар ретінде ақ нәсілді Тони Липаны жалдайды. Бір-біріне мүлде ұқсамайтын адамдар ортақ нәрсе табады. Олардың елдің оңтүстігіне саяхаты екеуінің де өмірін толықтай өзгертіп жібереді.

Дигнидад абақтысы
Колония Дигнидад

1973 жыл. Чилидегі төңкеріс кезінде үкіметке қарсы акцияларға жас жұбайлар қатысады. Жағдай салдарынан оларды Дигнидад атты неміс абақтысына қамауға алады.

Даниялық бойжеткен
Девушка из Дании 

Копенгаген. Суретші Герда Вегенер күйеуі Эйнардан әйел болып киініп, суреттеріне модель болуын сұрайды. Кейін оның портреттері танымал бола бастады. Эйнар өзінің әйел болмысын ұнатып қалады. Кейін жынысын ауыстырып, Лили Эльбе есімімен өмір сүре бастайды.

Шөл гүлі
Цветок пустыни 

Варис Дириенің тарихы баяндалады. Ол Сомалиден 13 жасында қашып, Могадишоға жетті, содан кейін Лондонда болды. Ол әлемдегі ең танымал модельдің бірі болады. Бірақ тарихта оның есімі модель ретінде ғана емес, ол әйелдерді сүндеттеуді көпшілік алдында айыптаған алғашқы әйел ретінде қалды.

Тыныс ал
Дыши ради нас

Робин Кавендиш келбетті, ақылды заңгер. Диана есімді бойжеткенге ғашық болып, отбасын құрады. Олар отбасылы болғаннан кейін Англиядан кетіп, Африка арқылы көптен күткен сапарға аттанды. Алайда ол ауыр инфекция жұқтырып алады. Тек аппарат арқылы тыныстай алатын халге жетеді. Сал ауруына шалдыққан адам өмірге деген қызығушылығын жоғалтады. Тек Диананың махаббаты оған күш береді.

Авторсыз жұмыс
Работа без авторства

Курт бес жасқа толғанда әпкесі нацистер қолынан қаза табады. Өсе келе ол сол уақыттағы идеологияға сәйкес келмейтін өнерге бет бұрады. Сүйікті әйелі Эллимен бірге ол Шығыс Германиядан батысқа қашып, шығармашылық ізденісін жалғастырады. Сол кезде ол Эллидің әкесі – доктор Карл Зебандтың нацистік қызметте жүріп түрлі қылмыс жасағанын және әпкесінің өліміне қатысы барын біледі.

Қауіпті іс
Опасное расследование

Биліктің жаппай қырып-жою қаруын дайындау туралы  көпшілік алдында айтқан мәлімдемесіне күмән келтірген журналистер тобы туралы фильм Олардың газеті 2001 жылы 11 қыркүйекте АҚШ-қа жасалған лаңкестік шабуылдан кейінгі оқиғаларға балама көзқарас ұсынатын жалғыз басылым болды.

Дюнкерк

Фильм Екінші дүниежүзілік соғыстың басында болған Дюнкерк операциясы кезінде үш жүз мыңнан астам сарбаздың құтқарылуы туралы баяндайды. Қолға түскен ағылшын әскерлері жағажайда қоршауға қалады.