Топ-5: Жаңадан шыққан түрік сериалдары

Күз басталғанда көпшіліктің көңіл күйі түседі. Осыған байланысты күзгі хандра деген де түсінік бар. Күн сәулесі, теңіз, махаббат және жылуды сағынған боларсыз. Ендеше, оларды түрік сериалдарынан таба аласыз. Жаңадан шыққан түрік сериалдарын ұсынамыз.

dramdizi.ru

Түн соңында (В конце ночи)

Басты рөлдерде: Неслихан Атагюль, Кадир Догулу, Сарп Левендоглу

Бұл атақты жасушы Периде Джеляльдің аттас романының негізінде түсірілген сериал. Онда Маджире есімді жас қыздың қиын тағдыры жайлы айтылады. Басты кейіпкер біркүні өмірінің осылай жалғаса беруіне жол бере алмайтынын түсінеді. Бірақ ол өз тағдырын өзгерте ала ма?


kp.ru

Әлем екеуміздің арамызда (Между миром и мной)

Басты рөлдерде: Демет Оздемир, Метин Акдюльгер, Бугра Гюльсой, Мелиса Донгель

Шу шығарған жоба қыркүйек айында көрерменге жол тартты. Демет Оздемир PR-компания иесінің рөлін, ал оның жақын құрбысын Хафсанур Санджактутан ойнайды. Сериалдағы оқиға сенімді тексеруден басталады.


kinoturkey.ru

Балықшы құс (Зимородок)

Басты рөлдерде: Афра Сарачоглу, Гюльчин Сантырджыоглу, Ознур Серчелер, Четин Текиндор

Бұл Ферит есімді олигархтың ерке ұлы жайлы сериал. Ферит тек қыдырғанды, көңіл көтергенді жақсы көреді. Тіпті, оның ортасы да күмәнді адамдармен тола бастайды. Сол кезде оның әкесі оны үйлендіруді жөн көреді.


skolko-serij.ru

Достар (Просто друзья)

Басты рөлдерде: Ака Кубилай, Эргючлю Хазар

Болашаққа үлкен жоспарлары бар жігерлі жігіт және ақылды, әзілқой қыз. Олар еркек пен әйел арасында достық болатынына 100 пайыз сенімді. Біркүні олар күтпеген шешім қабылдайды: кім бірінші той жасаса, олар тұрып жатқан үй сонікі болады.


kinoturkey.ru

Перизат ертегісі (Сказка феи)

Басты рөлдерде: Алина Боз, Таро Эмин Текин, Хазал Филиз Кючюккесе, Назан Кесал

Зейнеп — кедей отбасыдан шыққан қыз. Ол бала күтуші болып жұмыс істейді және бай болуды армандайды. Біркүні Зейнеп туған күніне қомақты ақша алады. Енді ода өмірін өзгертуге мүмкіндік бар.