Демалыста көруге болатын отбасылық фильмдер

Демалыста көруге болатын отбасылық фильмдер

Демалыс күндері отбасымен бірге көруге болатын фильмдер топтамасын назарға ұсынамыз.

Дулиттл / Удивительное путешествие доктора Дулиттла 

Мал дәрігері Дулиттл өз әйелінен айырылып қалады. Күйзелістегі ол төрт қабырғаға қамалып, үйден шықпайды. Коллекциясындағы экзотикалық жануарлар оның достарына айналады. Бір күні елдегі патшайым ауырып қалады. Оның өміріне қауіп төнгенде, дәрігер Дулиттл өз үйінен шығып аңызға айналған аралға саяхатқа шығады.

Арыстан патша / Король Лев

Симба есімді кішкентай аланның басынан кешкендерін баяндайды. Кейіпкерлер есейеді, ғашық болады, әлемді және өзін таниды. Қателіктер жібереді, одан сабақ алып таңдау жасап үйренеді.

Өткеннен шақыру / Зов предков

1980-ші жылдардағы қиын сәттерде өмірі астаң-кестең шыққан ит Бэктің оқиғасын көрсетеді. Оны Калифорниядағы жылы үйінен суық Аляскаға жеткізеді. Жаңа әлемде шытырман оқиғаға тап болады.

Мэри Поппинс оралады / Мэри Поппинс возвращается 

Бэнкс үйінің есігін Мэри Поппинс есімді бейтаныс әйел қағады. Әйел өзін балалардың жаңа күтуші ретінде таныстырады. Үйдің үлкендері Мэридің ерекше қабілетке ие екенін білмейді. Жұмбақ әйел отбасының қайта бақытты жанұя болуына көмектеседі. 

Паддингтон / Приключения Паддингтона 

Перулық жас аю Лондонға үй іздеп келеді. Паддингтон бекетінде ол, Браун отбасын кездестіред. Олар оны қуана өз отбасына қабылдайды. Бірақ зұлым таксидермист Миллисент мұражай үшін Паддингтоннан тұлып жасағысы келеді.

Жанды темір / Живая сталь 

Оқиға болашақты көрсетеді. Бокс спортына тыйым салынады. Адамдардың орнын роботтар алмастырады. Бас кейіпкер — бұрынғы боксшы. Енді жаңа спорт түрі арқылы жетістікке жетпекші. Сол уақытта өзінің ұлы барын біледі. 

Т. Есқали