Айсұлтан Сейітовтің дебюттік фильмі желтоқсан айында шығады

Айсұлтан Сейітовтің дебюттік фильмі желтоқсан айында шығады

Қазақстандық режиссер әрі клипмейкер Айсұлтан Сейітов "ҚАШ" атты дебюттік көркем фильмінің постерлерін жариялады.

Сейітовтің туындысы 1 желтоқсаннан бастап Қазақстанның барлық кинотеатрларында көрсетіледі.

"ҚАШ" атты алғашқы фильмім 1 желтоқсаннан бастап Қазақстанның барлық кинотеатрларында көрсетілімге шығады", - деп жазды ол instagram парақшасында.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Aisultan (@aisultan)

Картинаның сюжеті 1930 жылдардағы ашаршылықтың қиын кезеңінде өрбиді. Басты кейіпкер – қабір қазушы Исатайға ауыл тағдыры байланысты таңдау жасауы керек.

Фильмде басты рөлдерді Еркебұлан Дайыров, Оңдасын Бесікбасов, Ісбек Әбілмәжінов, Толғанай Талғат, сондай-ақ ресейлік актерлар Александр Пал мен Варвара Шмыкова сомдады.

Айсұлтан Сейітов Скриптонит, Ивана Дорн, Noize MC, Jah Khalib, T-Fest, сондай-ақ американдық рэп жұлдыздары 21 Savage, J.Cole, Migos бейнебаяндарының авторы ретінде танымал.

Қазақстандық режиссер Нью-Йорк киноакадемиясында білім алған. Оқу кезінде ол қысқаметражды "Шакал" фильмін түсіріп, 2016 жылы Hollywood Boulevard атты Нью-Йорк кинофестивалінде "Үздік режиссер" номинациясын жеңіп алған.

Т. Раушанұлы