"Алтын глобус" жүлдесінің жеңімпаздары анықталды

"Алтын глобус" жүлдесінің жеңімпаздары анықталды

Оскар сыйлығынан кейін беделі жағынан екінші орында тұрған “Алтын глобус” жүлдесінің 2012 жылғы жеңімпаздары анықталды

Жүлденің бірінші лауреаты болып Адель атанды. Әнші “Алтын глобусты” Джеймс Бонд жайлы "007: "Скайфолл" координаты" фильміне жазған Skyfall композициясы үшін алды.

АдельАл үздік режисер номинациясында "Арго" фильмін түсірген Бен Аффлек жеңіп шықты. Бұл байқауда Аффлек "Линкольн" фильмінің режисері Стивен Спилбергтен озды.

“Үздік шет ел фильмі” байқауында Михаэл Ханектің “Махаббат” лентасы топ жарды. Pixar студиясы түсірген “Батыл жүрек” (Храбрая сердцем) мультфильмі “Алтын глобус” жүлдесінің “Үздік анимациялық фильмі” деген атаққа лайықталды.

“Үздік актер” категориясында “Линкольн" фильмінің бас қаһарманы Дэниель Дэй-Льюиске бұйырды. Ал “Үздік актриса” атағын “Нөмірі бірінші нысан” (Цель номер один) фильміне түскен Джессика Честейн алды.

Ал Квентин Тарантиноның “Азат етілген Джанго” фильміне түскен аустриялық актер Кристоф Вальцке “Екінші пландағы үзік актер” атағы берілді. Тарантиноның өзі “Үздік сценарий” номинациясында “Алтын глобустың” иегері атанды.


Сондай-ақ, Виктор Гюгоның романы бойынша жазылған “Отверженные” фильмінде Фантинаның рөлін сомдаған Энн Хэтуэйге “Екінші пландағы үздік актриса” атағы берілді

Дайындаған: Уалихан Қосанбай

Сурет: globus.kinonews.ru

Ю. НИКУЛЛИН