"Кальмар ойынының" екінші маусымы шығады

"Кальмар ойынының" екінші маусымы шығады

"Кальмар ойынының" жалғасы түсірілетін болды. Netflix платформасы Twitter желісінде жаңа маусымды хабарлайтын видео жарияланды.

 Red light… GREENLIGHT!

Netflix сонымен қатар "Кальмар ойынының" режиссері және Хван Дон Хёктың хабарламасын шығарды, онда режиссер сериалдың жалғасы бойынша жұмысты растады және сонымен қатар кейбір мәліметтерді  айтты.

Донг Хюктің айтуынша, сериалдың бас кейіпкері Сон Ки Хун мен ойын жүргізушісі екінші маусымда да түсірілімге қатысады. Сонымен қатар, көрермендер робот-қуыршақ – "Янг-хидің" сыңары робот-жігітпен танысады. Байқауға қатысушылар "Ақырын жүріп, анық бас" қағидасымен ойын ойнайды.

Жобаның нақты қашан шығатыны әзірге белгісіз.

Айта кетейік, "Кальмар ойыны" 2021 жылдың қыркүйегінде көреременге ұсынылды. Ақшаға бәс тіккен адамдар арасынан тек бір ғана қатысушы 45,6 миллиард вон (40 миллион доллар) ұтып алу үшін балалар ойынын ойнайтын драма Netflix-те бір ай ішінде бүкіл әлем көрермендерінің сүйікті сериалына айналып үлгерді.

Т. Раушанұлы