Үздік 50 фильм

Үздік 50 фильм
Фото: film.ru

Ірі сайт-агрегаторлардың бірі IMDb осы уақытқа дейін жарыққа шыққан фильмдер арасынан үздік 250 фильмді іріктеп шықты. Рейтинг жасауға тұрақты көрермендердің бағалауы негіз болған. Рейтингтегі фильмдер 25 мыңнан артық дауыс жинаған еді. Massaget.kz порталы тізімдегі алғашқы 50 фильмді ұсынады.

50. Артқы терезе
Окно во двор / Rear Window

Триллер, детектив.
АҚШ, 1954 жыл.
Ұзақтығы: 112 минут.
IMDb: 8,5.
Джеффриc аяғынан жарақат алғаннан кейін үйде отыруға мәжбүр болады. Іші пысқан ол терезеден көршілерін бақылаумен болады. Бір күні ол көршісінен әйелінің өліміне күдіктене бастайды.

49. Бөгде
Чужой / Alien

Хоррор, фантастика.
Ұлыбритания, АҚШ, 1979 жыл.
Ұзақтығы: 116 минут.
IMDb: 8,5.
"Ностромо" ғарыш кемесінің экипаж мүшелеріне шабуыл жасаған бөгдеғаламшарлықпен күрес туралы ғылыми-фантастикалық фильм. 

48. Жарық қоңыздар қабірі
Могила светлячков / Hotaru no haka

Драма, әскери.
Жапония, АҚШ, 1988 жыл.
Ұзақтығы: 89 минут.
IMDb: 8,5.
Исао Такахатаның қайғыға толы хикаясы соғыс кезінде отқа оранған қалада жетім қалған балалардың басынан кешкенін баяндайды.  

47. Бір күні батыста
Однажды на Диком Западе / C’era una volta il West

Вестерн, драма.
Италия, АҚШ, 1968 жыл.
Ұзақтығы: 165 минут.
IMDb: 8,5.
Ашулы бизнесмен жерін сатудан бас тартқан жесіп әйелді өлтіру үшін киллер жалдайды. Бірақ Гармоник есімді мерген әйелді өз қорғауына алады.  

46. Жаңа дәуір
Новые времена / Modern Times

Комедия, драма, отбасылық.
АҚШ, 1936 жыл.
Ұзақтығы: 87 минут.
IMDb: 8,5.
Чарли Чаплин жас Қаңғыбас рөлін қайта сомдайды.  Бұл жолы ол зауытта жұмыс істейді, кейін түрмеге түседі.  

45. 1+1
1+1 / Intouchables

Драма, комедия, биография.
Франция, 2011 жыл.
Ұзақтығы: 112 минут.
IMDb: 8,5.
Арбаға таңылған ақсүйек азамат Филипп өзіне көмекші ретінде қара нәсілді Дриссті жалдайды. Бір-біріне мүлде сай келмейтін екі әлемнің адамдары нағыз достықтың не екенін бірге түсінеді.

44. Қамшы
Одержимость / Whiplash

Драма.
АҚШ, 2013 жыл.
Ұзақтығы: 106 минут.
IMDb: 8,5.
Эндрю ұлы барабаншы болуды армандайды. Оған арманына қол жеткізуге оркестр жетекшісі көмектеседі. Бірақ жетекшісі қолдаудың орнына, музыкантты "қамшылаумен" болады. 

43. Касабланка
Касабланка / Casablanca

Драма, мелодрама, әскери.
АҚШ, 1942 жыл.
Ұзақтығы: 103 минут.
IMDb: 8,5.
Классикалық голливуд мелодрамасы таңдау алдында тұрған қос ғашықтың басынан кешкенін баяндайды. 

42. Мәртебе
Престиж / The Prestige

Детектив, драма, триллер.
АҚШ, Ұлыбритания, 2006 жыл.
Ұзақтығы: 125 минут.
IMDb: 8,5.
Бір кездері бірге қызмет еткен иллюзионист Роберт пен Альфред жауға айналды. Екеуі бір-бірінің қойылымының тас-талғанын шығаруға ғана емес, сол жолда бір-бірінің өміріне қауіп төндіруге дайын. 

41. Шегінгендер
Отступники / The Departed

Триллер, драма, криминал.
АҚШ, Гонконг, 2006 жыл.
Ұзақтығы: 151 минут.
IMDb: 8,5.
Полиция академиясын үздік аяқтаған екі жігіт бір-бірінің ізіне түседі. Олардың бірі мафияға жұмыс істесе, екіншісі оны шындығын ашпақшы.    

40.  Күдіктілер
Подозрительные лица / The Usual Suspects

Триллер, драма, криминал, детектив.
АҚШ, Германия, 1995 жыл.
Ұзақтығы: 106 минут.
IMDb: 8,5.
Тергеу барысында кездесіп қалып, бір істі бірге шешуге тырысқан бес күдікті жайлы фильм. 

39. Америкалық хикая Х
Американская история X / American History X

Драма.
АҚШ, 1998 жыл.
Ұзақтығы: 119 минут.
IMDb: 8,5.
Дерек бір кездері скинхедтер көшбасшысы болып, қара нәсілділер өлімі үшін түрмеге түседі. Інісі Дэнни болса ағасының бастаған ісін жалғастырмақ. Бірақ абақтыдан шыққан Дерек мүлде басқа көзқараспен жаңа өмір бастайды. 

38. Гладиатор
Гладиатор / Gladiator

Әскери, драма, шытырман.
АҚШ, Ұлыбритания, 2000 жыл.
Ұзақтығы: 155 минут.
IMDb: 8,5.
Өлімнен аман қалып, гладиатор болған ержүрек генерал Максимустың басынан кешкен оқиғаны баяндайды.

37. Арыстан патша
Король Лев / The Lion King

Драма, шытырма, мюзикл.
АҚШ, 1994 жыл.
Ұзақтығы: 88 минут.
IMDb: 8,5.
Жас Симба саванна патшалығының келесі мұрагері болатын. Бірақ, қу әрі жауыз ағасының сатқындығы кесірінен патшалықтан кетеді. Араға уақыт салып өзіне тиесілі орынды қайтару үшін оралады.

36. Паразиттер
Паразиты / Gisaengchung

Триллер, драма, комедия.
Оңтүстік Корея, 2019 жыл.
Ұзақтығы: 131 минут.
IMDb: 8,5.
Кедей аудандардың бірінде күндерін әрең көріп жүрген Ки әулеті байлардың үйіне қулықпен жұмысқа орналасады. 

35. Психо
Психо / Psycho

Детектив, триллер, хоррор.
АҚШ, 1960 жыл.
Ұзақтығы: 109 минут.
IMDb: 8,5.
Мэрион бастығын тонап, қаладан қашып кетеді. Жолда құпиясы көп қонақ үйге тұрақтайды.  

34. Харакири
Харакири / Seppuku

Драма, әскери.
Жапония, 1962 жыл.
Ұзақтығы: 133 минут.
IMDb: 8,6.
Самурай Хансиро Цугумо лорд И-дің үйіне келіп харакири жасауға рұқсет сұрайды. Үй иесі болса оның пиғылының дұрыстығына күмәнмен қарайды. 

33. Пианист
Пианист / The Pianist

Биография, драма.
Франция, Германия, Ұлыбритания, Польша, 2002 жыл.
Ұзақтығы: 149 минут.
IMDb: 8,6.
Ұлы композитор әрі пианист Владислав Шпильман өзге еврейлермен бірге қоршауда қалады. Кейін тұрғындардың басым бөлігін концлагерьге жібереді. 

32. Леон
Леон / Léon

Драма, әскери, криминал.
Франция, 1994 жыл.
Ұзақтығы: 133 минут.
IMDb: 8,6.
Кішкентай қыз Матильданың бүкіл отбасы мүшелері полиция қызметкерлерінің қолынан қаза табады. Аман қалған оны киллер Леон қол астына алып, қамқор болады. 

31. Елес ерткендер
Унесённые призраками / Sen to Chihiro no kamikakushi

Шытырман, фэнтези.
Жапония, 2001 жыл.
Ұзақтығы: 125 минут.
IMDb: 8,6.
Бейтаныс қалаға көшіп келген Тихироның ата-анасы тыйым салынған аймаққа өтіп кетеді. Нәтижесінде шошқаға айналады. Жақын адамдарын құтқару үшін жас кейіпкер Юбаба есімді жалмауыз кемпірге қызмет етеді. 

30. Болашаққа оралу
Назад в будущее / Back to the Future

Фантастика, комедия, шытырман.
АҚШ, 1985 жыл.
Ұзақтығы: 116 минут.
IMDb: 8,6.
Он жеті жастағы жасөспірім Марти Макфлай жасырын тәжирибеге қатысуға келісім беред. Ол уақыт машинасы арқылы 30 жыл артқа шегінеді.

29. Терминатор 2: Қиямет күні
Терминатор 2: Судный день / Terminator 2: Judgment Day

Фантастика, әскери, триллер.
АҚШ, Франция, 1991 жыл.
Ұзақтығы: 137 минут.
IMDb: 8,6.
Алғашқы оқиғадан кейін арада 10 жыл өтті. Сара Коннор өмірге Джон есімді ұл әкеледі. Енді жас баланың міндеті адамзат пен машина арасыпдағы шайқаста жеңу. Терминатордың жаңа түрі оған кедергі жасамақшы.  

28. Жұлдызды шайқас
Звёздные войны. Эпизод IV: Новая надежда / Star Wars

Фантастика, фэнтези, әскери, шытырман.
АҚШ, Ұлыбритания, 1977 жыл.
Ұзақтығы: 121 минут.
IMDb: 8,6.
Джордж Лукастың ғарыш кеңістігі жайлы фильмдер топтамасының алғашқы бөлімі. Оби-Ван Кеноби және жас Люк Скайуокер контрабандист Хан Соломен бірігіп Лей ханшайымды құтқаруға аттанады.  

27. Жасыл миля
Зелёная миля / The Green Mile

Драма, криминал.
АҚШ, 1999 жыл.
Ұзақтығы: 189 минут.
IMDb: 8,6.
Пол Эджкомб жұмыс істейтін абақтыға балалар өліміне айып тағылған Джон Коффи түседі. Көп өтпей қызметкерлер айыпталушының  кінәсіз екенін түсінеді. Бірақ сот шешімі әлдеқашан шығып қойған еді.  

26. Өмір ғажап
Жизнь прекрасна / La vita è bella

Драма, комедия.
Италия, 1997 жыл.
Ұзақтығы: 116 минут.
IMDb: 8,6.
Еврей Гуидо Италияда жас ұстаз Дорамен танысады. Жас жұбайлар бақытты өмір сүріп жатыр. Дегенмен, олардың әлемі нацистер келген бойда тас-талқаны шығады.  

25. Құдайлар қаласы
Город бога / Cidade de Deus

Драма, криминал.
Бразилия, Франция, 2002 жыл.
Ұзақтығы: 130 минут.
IMDb: 8,6.
Ракета есімді жасөспірім Рио-де-Жанейро лашықтарының бірінде өмір сүреді. Ол фотограф болуды армандайды. Шарасыздықтан қылмыс әлеміне бет бұрған қатарластарын сырттай бақылаумен болады. 

24. Райанды құтқару
Спасти рядового Райана / Saving Private Ryan

Драма, әскери.
АҚШ, 1998 жыл.
Ұзақтығы: 169 минут.
IMDb: 8,6.
Әскери қақтығы кезінде Райан әулеті бірден үш ұлынан айырылады. Анасының қайғысын жеңілдету үшін әскери қолбасшы соғыста жүрген кенже ұлын үйге қайтаруға шешім қабылдайды. Бұйрықты орындау үшін отрядтағы өзге әскерлер аянбастан күреседі. 

23. Қозының тыныштығы
Молчание ягнят / The Silence of the Lambs

Триллер, криминал, детектив, драма, хоррор.
АҚШ, 1990 жыл.
Ұзақтығы: 114 минут.
IMDb: 8,6.
FBI сериялық қылмыскердің ізіне түседі. Бірақ қанша тырысса да, қылмыскерді ұстай алмай қояды. Оны табу үшін олар бір кездері психиатр болып қызмет еткен маньяк Ганнбал Лектердің көмегіне жүгінеді. 

22. Жеті
Семь / Se7en

Триллер, драма, криминал, детектив.
АҚШ, 1995 жыл.
Ұзақтығы: 127 минут.
IMDb: 8,6.
Серіктес полиция қызметкерлері Уильям Сомерсет пен Дэвид Миллз өзін құдайдың қаруы есептейтін сериялық қылмыскердің ізіне түседі. 

21. Интерстеллар
Interstellar

Фантастика, драма, шытырман.
АҚШ, Ұлыбритания, Канада, 2014 жыл.
Ұзақтығы: 169 минут.
IMDb: 8,7.
Жердегі оттегінің концентрациясы төмендеп, адамзатқа үлкен қауіп төніп тұр. Жақын арада болатын апаттан құтқару үшін зерттеушілер тобы өмірге қолайлы жаңа ғаламшарды іздеуге шығады.

20. Бұл — ғажап өмір
Эта замечательная жизнь / It’s a Wonderful Life

Драма, отбасылық.
АҚШ, 1946 жыл.
Ұзақтығы: 130 минут.
IMDb: 8,7.
Қамқор әке әрі адал жар Джордж Бэйлидің өмірінде әрдайым келеңсіз жайттар болады. Бірақ Рождество қарсаңында періште кейіпкерге ол болмаса әлем әлдеқайда нашар болатынын көрсетеді.

19. Жеті самурай
Семь самураев / Shichinin no samurai

Драма, шытырман.
Жапония, 1954 жыл.
Ұзақтығы: 207 минут.
IMDb: 8,7.
Ұлы Акира Куросаваның фильмінің желіс бойынша жапон ауылының тұрғындары қарақшылардан сақтану үшін самурайды жалдайды. 

18. Көкек ұясынан үстінен ұшқанда
Пролетая над гнездом кукушки / One Flew Over the Cuckoo’s Nest

Драма.
АҚШ, 1975 жыл.
Ұзақтығы: 133 минут.
IMDb: 8,7.
Қылмыскер Рэндл Макмерфи психиатриялық емханаға түскеннен кейін ол жердегі жүйеге қарсы шығуға бел буады. Бірақ жүйеге қарсы шығу ол ойлағандай оңай емес.

17. Жарқын жігіттер
Славные парни / Goodfellas

Драма, криминал.
АҚШ, 1990 жыл.
Ұзақтығы: 140 минут.
IMDb: 8,7.
Генри Хилл бала кезінен нағыз "гангстер" болуды армандайды. Бірақ арманы орындалған сәтте, криминалға толы әлем ол ойлағандай қызық емес екенін түсінеді. 

16. Матрица
Матрица / The Matrix

Фантастика, әскери.
АҚШ, Аустралия, 1999 жыл.
Ұзақтығы: 136 минут.
IMDb: 8,7.
Вачовски дуэтінің белгілі фильмдерінің бірі. Фильм бізді қоршаған әлем жай ғана компьютерлік бағдарлама екенін түсінген бағдарламашы Неоның басынан кешкендерін баяндайды. 

15. Жұлдызды шайқас: Эпизод V: Империя соққысы
Звёздные войны. Эпизод V: Империя наносит ответный удар / Star Wars: Episode V — The Empire Strikes Back

Фантастика, фэнтези, әскери, шытырман.
АҚШ, Ұлыбритания, 1980 жыл.
Ұзақтығы: 124 минут.
IMDb: 8,7.
Фильмнің алдыңғы бөлігінде "Өлім жұлдызы" жойылғанына қарамастан, Галактика үшін шайқас әлі жалғасуда. Йода шебер шәкірті Лукаға джедай амалдарын үйрете бастайды.

14. Сақиналар әміршісі: Қос бекініс 
Властелин колец: Две крепости / The Lord of the Rings: The Two Towers

Фэнтези, драма, шытырман.
АҚШ, Жаңа Зеландия, 2002 жыл.
Ұзақтығы: 179 минут.
IMDb: 8,8.
Питер Джексонның трилогиясының екінші бөлімі хоббит Фродо мен Сэмнің оқиғасын жалғастырады. Олар Құдірет сақинасын жою үшін Мордор қақпасына саяхаттай бастайды. 

13. Бастау
Начало / Inception

Фантастика, әскери, триллер, драма, детектив.
АҚШ, Ұлыобритания, 2010 жыл.
Ұзақтығы: 148 минут.
IMDb: 8,8.
Өнеркәсіп тыңшысы Доминик Кобб арнайы кәсіптік құпияларды ұрлайды. Балаларымен қауышу үшін ол орындалу мүмкіндігі өте төмен жұмысты өзіне алады. Бұл жолы ол ұрлықпен емес, ақпаратты санасына енгізу керек болды. 

12. Жекпе-жек клубы
Бойцовский клуб / Fight Club

Триллер, драма, криминал.
АҚШ, Германия, 1999 жыл.
Ұзақтығы: 139 минут.
IMDb: 8,8.
Қарапайым кеңсе қызметкерінің өмірі ешнәрседен жасқанбайтын Тайлер Дёрденмен кездескен сәттен бастап-ақ өзгереді.

11. Форрест Гамп
Форрест Гамп / Forrest Gump

Драма, мелодрама, комедия.
АҚШ, 1994 жыл.
Ұзақтығы: 142 минут.
IMDb: 8,8.
Мейірімді Форрест Гамп кездейсоқ адамдарға өзінің өмірі туралы айтып береді. Ол өз әңгімелерінде атақты футболшы, соғыс қаһарманы және үстел теннисінің чемпионы болады.

10. Жақсы, жаман, жауыз
Хороший, плохой, злой / Il buono, il brutto, il cattivo

Вестерн.
Италия, Испания, Германия, 1966 жыл.
Ұзақтығы: 178 минут.
IMDb: 8,8.
Ешкімді аяуды білмейтін қарақшылар алтынды іздеп табу үшін бірігеді.  Бірақ уақыт өте бірігу шешімі дұрыс шешім емес екенін түсіне бастайды.

9. Сақиналар әміршісі: Сақина бауырластығы
Властелин колец: Братство кольца / The Lord of the Rings: The Fellowship of the Ring

Фэнтези, драма, шытырман.
АҚШ, Жаңа Зеландия, 2001 жыл.
Ұзақтығы: 178 минут.
IMDb: 8,9.
Трилогияның алғашқы бөлімінде кейіпкерлермен танысамыз. Сонымен қатар, Құдіреттіліктің сиқырлы сақинасын жасаған қараңғы мырза Саурон туралы білеміз.

8.  Қылмыс романы
Криминальное чтиво / Pulp Fiction

Триллер, комедия, криминал.
АҚШ, 1994 жыл.
Ұзақтығы: 154 минут.
IMDb: 8,9.
Жалдамалы қылмыскер, боксшы, гангстер әйелі мен бірнеше қарақшының басынан кешкендерін баяндайды.

7. Сақиналар әміршісі: Патшаның оралуы
Властелин колец: Возвращение короля / The Lord of the Rings: The Return of the King

Фэнтези, драма, шытырман.
АҚШ, Жаңа Зеландия, 2003 жыл.
Ұзақтығы: 201 минут.
IMDb: 9,0.
Әйгілі трилогияның соңғы бөлімінде хоббиттер мен сақиналар оқиғасы өз мәресіне жетеді.

6. Шиндлер тізімі
Список Шиндлера / Schindler’s List

Драма, биография, тарихи.
АҚШ, 1993 жыл.
Ұзақтығы: 195 минут.
IMDb: 9,0.
Фильм Екінші Дүниежүзілік соғыс кезінде мыңдаған еврейлердің өмірін сақтап қалған неміс бизнесмені Оскар Шиндлердің оқиғасын баяндайды.

5. 12 ызалы азамат
12 разгневанных мужчин / 12 Angry Men

Драма, криминал.
АҚШ, 1957 жыл.
Ұзақтығы: 96 минут.
IMDb: 9,0.
Он екі алқаби кеңесу бөлмесіне жиналып, өз әкесін өлтірді деп айыпталған жігіттің кінәсінің бар немесе жоқтығын анықтау үшін талқыға салды.

4. Кіндік әке 2
Крёстный отец — 2 / The Godfather: Part II

Драма, криминал.
АҚШ, 1974 жыл.
Ұзақтығы: 202 минут.
IMDb: 9,0.
Корлеоне мафиясының қауымы туралы қылмыстық драма. Бұл бөлімде біз Вито Корлеоненің жастық шағы мен өміріндегі бар оқиғасын егжей-тегжейлерімен танысамыз, сонымен бірге олар оның ұлы Майкл туралы айтады.

3. Қара рыцарь
Тёмный рыцарь / The Dark Knight

Фантастика, әскери, триллер, криминал.
АҚШ, Ұлыбритания, 2008 жыл.
Ұзақтағы: 152 минут.
IMDb: 9,1.
Джокер есімді қылмаскер қалаға үлкен қауіп төндіреді. Осы сәтте онымен күресу үшін жаңа қаһарман Бэтмен пайда болады.

2. Кіндік әке
Крёстный отец / The Godfather

Драма, криминал.
АҚШ, 1972 жыл.
Ұзақтығы: 175 минут.
IMDb: 9,2.
Сицилия мафиясы Корлеон әулеті туралы оқиғаның алғашқы бөлімі. 

1. Шоушенкадан қашу
Побег из Шоушенка / The Shawshank Redemption

Драма, криминал.
АҚШ, 1994 жыл.
Ұзақтығы: 142 минут.
IMDb: 9,3.
Жас қаржыгер Энди Дюфрейн жасамаған қылмысы үшін абақтыға түседі. Оның үстіне сот оны өмір бақи жазасын өтеуге үкім шығарады. 

Т. Есқали