Демалыс күндері көруге арналған 5 сериал

Демалыс күндері көруге арналған 5 сериал
Фото: youtube.com

Кейде демалыс күндері ешқайда бармай-ақ, үйде шай ішіп, жеңіл сериал қарағымыз келеді. Егер сіздің де көңіл күйіңіз сондай болып тұрса,  біз ұсынған сериалдардың бірін таңдаңыз.

1. «Эмили Парижде» (Emily in Paris)

Жанры: драма, мелодрама, комедия.
Басты рөлдерде: Лили Коллинз, Филиппин Леруа-Больё, Эшли Парк, Лукас Браво.

Netflix ұсынған бұл сериал сізді жалықтырмайды, себебі онда махаббат қаласы — Парижді көрсетеді. Америкалық Эмили Купер Парижге мансап құру үшін келеді. Ол француз тілін білмесе де, өте ақылды қыз. Эмили өзіне таныс емес елдің мәдениетімен танысады. Сериалдан заманауи трендтер, әдемі киімдер, инстаграм және махаббатты көресіз.

2. «Ғажат мисс Мейзел» (The Marvelous Mrs. Maisel)

Жанр: драма, комедия.
Басты рөлдерде: Рэйчел Броснахэм, Алекс Борштейн, Майкл Зеген.

Сериалдағы оқиғалар 1958 жылы Нью-Йоркте өтеді. Басты кейіпкер Мириам Мейзелдің күйеуі және екі баласы бар. Біркүні ол жағымсыз құпияны біліп, өзінің стендапқа деген талантын ашады. Оның алғашқы өнер көрсетуінің өзі оған үлкен табыс әкеледі. Режиссерлер феминизм және тең құқықтық тақырыптарын қозғаған. Сериал өте жеңіл қаралады.

3. «Бриджертондар» (Bridgerton)

Жанр: драма, комедия.
Басты рөлдерде: Фиби Дайневор, Реге Пейдж, Джонатан Бэйли, Джули Эндрюс.

Сериал оқиғасы 1813 жылы орын алады. Сол кездегі мәртебелі аналардың басты мақсаттары — қыздарын күйеуге беру. Олар қыздарын бала кезінен бастап жақсы әйел және ана болуға дайындады. Егер сіз Джейн Остинді және сол кездің атмосферасын ұнатсаңыз, бұл сериал да сіздің көңіліңізден шығуы мүмкін.

4. «Неліктен әйелдер өлтіреді» (Why women kill)

Жанр: драма, комедия, қылмыстық.
Басты рөлдерде: Люси Лью, Дженнифер Гудвин, Кирби Хауэлл Баптист.

Сериал сюжеті әртүрлі он жылдықтың үш оқиғасына негізделген. Бұл оқиғаларды бір әрекет орны — үй біріктіреді. Негізгі өлтіруші кім екенін білмегендіктен, сериал жалықтырмайды, керісінше, өзіне баурап алады.

5. «Тағдыр: Винкс сагасы» (Fate: The Winx saga)

Жанр: фэнтези, боевик, драма.
Басты рөлдерде: Эбигейл Ф. Коуэн, Ханна ван дер Вестхойзен, Дэнни Гриффин.

Бұл Netflix ұсынған «Винкс клубы — сиқыршылар мектебі» мультсериалының адаптациясы. Бес қыз өздерінің перілік қабілеттерін дамыту үшін «Алфея» мектебінде өседі. Бұл жерде олардың бастарынан бәсекелестік, махаббат және басқа да жасөсіпірімдік проблемалар өтеді.

А. Жапатова