Оскар-2022: Негізгі үміткерлер белгілі болды

Оскар-2022:  Негізгі үміткерлер белгілі болды
Фото: 7sisters.ru

Америкалық кино өнері және ғылым академиясы жыл сайынғы Оскар сыйлығына үміткерлерді жариялады. Марапаттау рәсімі 27 наурызда өтеді. Бұл туралы сыйлықтың ресми сайты жазды.

Аустралиялық режиссер Джейн Кэмпион түсірген "Төбеттің билігі" (The Power of the Dog) фильмі жүлдеге ең көп ұсынылған фильм атанды. Кинокартина 12 номинация бойынша бақ сынайды. Одан кейінгі орындарды «Дюна» (10 номинация), "Вестсайд хикаясы" (7) және "Белфаст" (7) иеленді.

"Оскар" марапаттау рәсімі 27 наурызда өтеді. Іс-шараның жүргізушісі әлі жарияланған жоқ.

Негізгі номинациялар бойынша үміткерлер:

Үздік фильм

• "Иттің күші" (The Power of the Dog)
• "Белфаст"  (Belfast)
• "CODA: Саңырау ата-ана баласы" (CODA)
• "Жоғары қарамаңыз" (Don't Look Up)
• "Көлігімді жүргіз"  (Drive My Car)
• Король Ричард (King Richard)
• Дюна (Dune)
• Қызыл пицца (Licorice Pizza)
• Қорқыныш аллеясы (Nightmare Alley)
• "Вестсайд тарихы" (West Side Story) 

Үздік актер

• Уилл Смит, "Король Ричард"
• Хавьер Бардем, "Рикардо рөлінде"
• Бенедикт Камбербэтч, "Төбет билігі"
• Эндрю Гарфилд, "Тик-так... БУМ!"
• Дензел Вашингтон, "Макбет трагедиясы"

Үздік актриса

• Николь Кидман, " Рикардо рөлінде"
• Джессика Честейн, "Тэмми Фэйдің көздері"
• Оливия Колман, "Бейтаныс қыз"
• Пенелопа Круз, "Параллель аналар"
• Кристен Стюарт, "Спенсер"

Үздік режиссер

• Кеннет Брана, "Белфаст"
• Рюсуке Хамагути, "Көлігімді жүргіз"
• Пол Томас Андерсон, "Қызыл пицца"
• Джейн Кэмпион, "Төбеттің билігі"
• Стивен Спилберг, "Вестсайд тарихы"

Үздік шетелдік фильм

• "Құдайдың қолы" (Италия)
• "Көлігімді жүргіз" (Жапония)
• "Қашу" (Дания)
• "Лунана: ғажайып бөлмедегі адам" (Бутан)
• "Әлемдегі ең нашар адам" (Норвегия)

Үздік анимациялық фильм

• "Энканто"
• "Қашу"
• "Митчелл көліктерге қарсы"
• "Лука"
• "Райя және соңғы айдаһар"

Т. Раушанұлы