2022 жылы жарыққа шығатын фильмдер

2022 жылы жарыққа шығатын фильмдер

2022 жыл кино әлеміне жаңа туындылар сыйламақ. Кей фильмдер мен сериалдардың жалғасы шығады. Көрермендер кей танымал кейіпкерлерімен қайта қауышады. Танымал актер мен актрисаларын жаңа қырынан тани түседі. Режиссерлер шеберлігімен тәнті етпек. Олай болса биыл жарыққа шығатын ең басты фильмдер тізімін ұсынамыз.

Анчартед: картада көрінбейді (10 ақпан)
(Анчартед: на картах не значится)

Uncharted – әлемге танымал консольдық ойын. Фильмде Naugty Dog компаниясы жасап шыққан ойындағы басты кейіпкер Нейтан Дрейктің тағдыры баяндалады. Басты рөлдерде Том Холланд, Марк Уолберг, София Тейлор Али, Тати Габриэлле, Антонио Бандерас ойнайды.

Нілдегі өлім (11 ақпан)
Смерть на Ниле

2017 жылы жарық көрген «Убийство в „Восточном экспрессе“» фильмінің жалғасы. Детектив жанрындағы романның режиссері – Кеннет Бран. Басты рөлді де өзі сомдайды. Агата Кристи романы желісі бойынша түсірілген.

Бэтмен (3 наурыз)

Бэтмен – кино әлеміндегі ең танымал суперқаһармандардың бірі. Биыл экранға жаңа қырымен оралады. Суперқаһарманды алғаш рет Робер Паттинсон сомдайды. Бэтмен фильмде жұмбақ қанішермен қақтығысады.

Топ Ган: Мэверик (26 мамыр)

Осыған дейін жарыққа шыққан «Лучший стрелок» фильмінің жалғасы. Басты рөлді танымал актер Том Круз сомдайды.

Юр дәуіріндегі әлем: үстемдік (9 маусым)
(Мир юрского периода: господство)

Биыл бұл фильмның соңғысы шығады. Сонымен трилогия аяқталады. Кинода адамдар мен динозаврлардың планетаны жаулап алу жолындағы тарихы баяндалады.

Миньондар: Грювитация (30 маусым)

Балалар түгіл, ересектер де қызыға көретін комедиялық мультфильм жалғасын табады. Кішкентай миньондар өздеріне ие табады. Ол болашақ зұлым Грю еді...

Өрмекші адам: ғалам арқылы 2 (22 қазан)
Человек-паук: Через вселенные 2

Биыл бұл фильмнің жалғасы шығады. Көрермен мен сыншылар тарапынан жоғары баға алған кино осыған дейін «Оскарды» иеленген еді. Өрмекші адаммен көрермендердің саяхат жалғасады.

Аватар 2 (15 желтоқсан)

«Аватардың» біріншісі 2009 жылы шықты. 10 жыл бойы кино тарихында ең қаржы тапқан фильмдер көшін бастады. Екіншісінде на’ви халқының тағдыры, жерлік Джейк Салли мен оның әйелі Нейтири өмірі, махаббаты мен жаңа отбасының тарихы туралы баяндайды.

Аквамен 2 (16 желтоқсан)

Режиссер Джеймс Ванның америкалық суперқаһарманы жайлы фильмі жалғасады. 2018 жылы шыққан алғашқы киноның жалғасы. Басты рөлдерде Джейсон Момоа, Эмбер Хёрд, Патрик Уилсон, Дольф Лундгрен ойнайды.

Ал Сіз қай фильмді күтесіз? Айта отырыңыз.

Н. Үсенова