Аса танымал емес Netflix сериалдары

Аса танымал емес Netflix сериалдары

Көбіне көрермендер Netflix ұсынатын танымал сериалдармен ғана шектеледі. Дегенмен стриминг платформасында танымал болуға лайықты сериалдар бар. Massaget.kz сол сериалдардан топтама ұсынады.

Ой ізіне түскендер | Охотник за разумом | Mindhunter
(2017–2019)

КиноПоиск: 8.0
IMDb: 8.6
Мұндай керемет сериал қалай өз көрерменін таппағаны толғандырмай қоймайды. Сериал режиссері әйгілі — Дэвид Финчер. Ол "Fight Club" фильмін түсірген болатын. Сюжет қылмыстық психологияның тууы туралы жазған бұрынғы ФБР агенті Джон Дугластың кітабының негізінде түсірілген. Сериалда шытырман оқиғаларсыз: сюжет сол кездегі ең әйгілі қылмыскерлермен ФБР екі агентінің диалогына құрылған. 

Қылмыскер | Преступник | Criminal: UK
(2019–2020)

КиноПоиск: 7.0
IMDb: 7.6
Құқық қорғау органдары мен қылмыскерлер арасындағы қарым-қатынас туралы тағы бір детектив  жанрындағы сериал. Оқиға тергеу бөлмесінде өтеді. Полиция күдіктініге қылмысын мойындатып, бар былығын шығармақшы. Бірінші маусымда бар болғаны —  3 серия, екіншісінде - 4. Сондықтан сериалды бір демалыста көріп тастауға болады.

Парыз/ұят| Долг/стыд | Giri/Haji
(2019)

КиноПоиск: 7.3
IMDb: 7.9
Сериалда жапон детективінің өмірін бақылаймыз. Оның жұмысы алға басар емес, әйелімен және қызымен қарым-қатынасы дұрыс емес. Ағасы якудзамен айналысады. Маусым бойы жанрлар бірінен соң бірі өзгереді: детектив, триллер, жол фильмі, қара комедия мен мелодрама. 

Барлығы бос сандырақ!| Сплошной отстой! | Everything Sucks!
(2018)

КиноПоиск: 7.1
IMDb: 7.5
Детективтерден шаршасаңыз, жасөспірімдер туралы комедияға көшейік. Сюжет қарапайым: бірнеше жігіт бірігіп жеке фильм түсіреді. Қысқа эпизодтардың арқасында сіз бір кеште сәл аңғал, бірақ күлкілі әзілдерді, ыңғайсыз романтикалық көріністерді және жарқын кейіпкерлерді тамашалай аласыз.

Жеті секунд | Семь секунд | Seven Seconds 
(2018)

КиноПоиск: 6.8
IMDb: 7.7
Сюжет афроамерикалық жасөспірімді абайсызда қағып кеткен ақ нәсілді полиция қызметкерінің оқиғасына құрылған.  Дәл осы жерден адамгершілік, әділеттілік пен отбасылық құндылық қағидаларын түсіндіру басталады.