Сот залынан: ең үздік сот ісі туралы фильмдер

Сот залынан: ең үздік сот ісі туралы фильмдер
Фото: kommersant.ru

Тарих беттерінде бүкіл ел болып тамашалаған сот оқиғалары бар. Әсіресе, АҚШ сотында бұндай жағдай жиі кездеседі. Бүгін шынайы оқиға негізінде түсірілген фильмдер топтамасын ұсынамыз.

Америка Құрама штаттары Билли Холидейге қарсы / Соединенные Штаты против Билли Холидей / The United States vs. Billie Holiday

Атақты америкалық әнші Билли Холидей өмірінің соңғы 10 жылы мен оның сегрегация құрбандарына арналған "Strange Fruit" әнді орынду құқығына ие болу үшін АҚШ билігімен күрескен сәттері бейнеленген. 

Лавинг/ Лавинг / Loving

Нәсіл арасындағы некеге рұқсат болмаған соң, бас кейіпкерлер өздерінің қарым-қатынасын, балалары мен үйлерін жасыруға мәжбүр. Бірақ олардың қарым-қатынасын таныстары билік өкілдеріне жеткізеді. Екеуін 25 жылға бас бостандығынан айыруы мүмкін. Соған қарамастан олар айырылысу туралы ойға алған емес.

Айыпты / Обвиняемые / The Accused

Жас әрі болашағы зор прокурор Кэтрин мансабындағы ең қиын сәтпен бетпе-бет келеді. Оның қолына барлардың бірінше бірнеше жігіттен зорлық көрген Сараның ісі түседі. Бұл істе Сара шарасыз құрбан, ал айыпталушы тарапта кез келген сүттен ақ, судан таза болып шыға келетін бай жігіттер. 

Тыңшылар көпірі / Шпионский мост / Bridge of Spies

Бруклиндік заңгер, сақтандыру ісі бойынша маманы Джеймс Донаванға ерекше іс тапсырылады. Ол Кеңес Үкіметінің тыңшысы деп Рудольф Абельді қорғауы тиіс. Донован өз ісіне жауапкершілікпен кіріседі. Мінсіз жұмысы үшін БАҚ өкілдері оны да "тыңшылар" қатарына қосып, кінәлайды.

Эрин Брокович / Erin Brockovich

Эрин Брокович — жұмыссыз жалғызбасты ана қорғаушы кеңсесіне көмекші қызметіне орналасады. Ашық киімі мен сөйлеу мәнеріне қарап Эринді сынаушылар қатары көп еді. Оның жұмысын аса елей қоймайтын. Бірақ бәрі жылжымайтын мүлік сатып алуға байланысты күдікті істі зерттей бастағанда өзгереді. 

Т. Есқали