"Оскардың" марапаттау рәсімі алғаш рет бірнеше елде өтуі мүмкін

"Оскардың" марапаттау рәсімі алғаш рет бірнеше елде өтуі мүмкін
Фото: evz.ro

Алғаш рет "Оскардың" марапаттау кеші АҚШ-та ғана емес, Еуропада өтуі мүмкін. Пандемияға байланысты биылғы Оскар Лос-Анджелестен басқа Парижде және Лондонда өтеді деп жоспарланған.

Nollywood Reporter-дің хабарлауынша, 93-ші презентация ұйымдастырушылары пандемияға байланысты кейбір кандидаттардың АҚШ-қа келуі екіталай болғандықтан, осындай шешім қабылдаған.

Марапаттау рәсімі 25 сәуірге жоспарланған, бірақ оның Париж бен Лондонда қашан өтетіні әлі белгісіз.

Осы уақыт аралығында ұйымдастырушылар "Оскар" қатысушыларынан Лос-Анджелеске келуін сұрайды.

АҚШ-қа келетін қатысушылар 10 күндік карантиннен өтуі керек. Ұйымдастырушылар осыған байланысты барлық шығынды көтеруге дайын.

АҚШ-тағы марапаттаудың негізгі бөлімі екі жерде – Лос-Анджелестегі “Юнион Стейшн” вокзалында және Голливудтағы "Долби" театрында өтеді.

Биыл алғаш рет "Оскар" кинотеатрларда көрсетілмей, стриминг қызмет арқылы көрсетілген фильмдер да қатысуға рұқсат алды.

2021 жылы "Оскардың" қалай өтетіні де белгілі болды.

"Оскар" онлайн түрінде тапсырылмайды. Сыйлық өкілдері номинанттарымен онлайн байланыс орнату нұсқасынан үзілді-кесілді бас тартты. Жеңімпаздар "Оскар" сыйлығын жеке өзі ала алады немесе Академия оларды өз атынан қабылдай алады.

"Оскар-2021" 25 сәуірде Нью-Йорк уақытымен сағат 17:00-де беріледі. ABC телеарнасы бұл рәсімді тікелей эфирде көрсетеді.

Айта кетейік, 2021 жылы "Оскарға" ұсынылған фильмдер мен актерлар белгілі болған еді.

Режиссер Хлоя Чжаоның "Көшпенділер елі", (Nomadland, Флориан Зеллердің "Әке" (The Father), Дэвид Финчердің "Манк" (Mank), Шаки Кингтің "Иуда және Қара Мессиа" (Judas and the Black Messiah), Ли Айзек Чунның "Минареи" (Minari) , Эмиральд Феннельдің "Үміт қызы" (Emerald Fennell), Дариус Мардердің "Металл дыбысы" (The Sound of Metal), Аарон Соркиннің "Чикаго жетілігін соттау" (The Trial of the Chicago 7) фильмдері  "Үздік фильм" номинациясын алды.

Хлоя Чжао, Эмиральд Феннель, Томас Винтерберг, Дэвид Финчер және Ли Айзек Чун "үздік режиссер" номинациясы бойынша бақ сынайды.

"Үздік актер" номинациясына Энтони Хопкинс ("Әке"), Риз Ахмад ("Металл дыбысы"), Гари Олдман ("Манк"), Стивен Анн ("Минари") және қайтыс болғаннан кейін Чедвик Боузман ұсынылды.

"Үздік актриса" номинанттарының тізіміне Фрэнсис Макдорман, Ванесса Кирби, Кэри Маллиган, Виола Дэвис және Андра Дэй енді.

Т. Раушанұлы