Демалыста қарауға болатын 5 мини-сериал

Демалыста қарауға болатын 5 мини-сериал
Фото: kino-teatr.ru

Демалыс күндері қарайтын сериал мен кино таба алмай қиналатынымыз бар. Бірнеше маусымнан сериалдар уақытты алады. Ал сіз бір демалыста-ақ аяқтап тастағыңыз келеді. Бұндай сәтте мини-сериалдар көмекке келеді. Бүгін назарларыңызға қызықты 5 мини-сериалды ұсынамызды.

"Люпен"

Француз сериалы "Люпен" "Оушеннің 11 досын" еске түсіретін қызықты детектив: кәсіби ұры ұрлау операциясын жасап шығады. Бірақ, қасындағы серіктерінің ақымақтығы оған кедергі келтіреді. Бас кейіпкер әдеби кейіпкер Арсен Люпенне шабыт алады. Тарихта Люпеннің аты қолға түспеген бірақ сыпайы, ешкімге зиянын тигізбеген әрі тек байларды ғана тонаған адам ретінде қалады. Сериал екінші маусымға созылған жоқ. 

"Дес"

Үш бөлімді "Дес" атақты сериялы кісі өлтіруші Деннис Нильсен туралы. Сериал шынайы оқиға негізінде түсірілген. Оқиға Лондонда тұрғындардың бірі құбырларды тазарту үшін сантехникті шақыртуынан басталады. Су құбыраынан адам сүйектері табылады, кейін оқиға орнына полиция қызметкері жетеді. Тұтқынп жатқанда Деннис полиция қызметкерлеріне бұл тек бір-екі адамның сүйегі емес, бірнеше адамның қаңқасы екенін біледі. Кісі өлтірушінің өзі заң қызметкеріне көмектеседі, өзінің істегенін ісін мойындайды. Бірақ құрбандарының есімін есіне түсіре алмайды. 

"Это грех"

Сериал 80-жылдарда ушыққан Ұлыбританиядағы ЖИТС эпидемиясы жайында болмақ. Оқиға 1981 жылы қала сыртындағы кішкентай аймақтан Лондонға жаңа өмір іздеп келген үш кейіпкердің төңірегінде өрбиді. Олар ЛГБТ өкілдері. Бас кейіпкерді сомдайтын актерлер де атақты  Олли Александр, Нил Патрик Харрис, Стивен Фрай өзге ориентацияда екенін ашық айтқан адамдар. Сериалдағы тақырыптың оңай емес екеніне қарамастан режиссер Питер Хор оқиғаны еркін, ашық және қызықты етіп жеткізеді.

"История бранных слов"

Netflix Николас Кейджбен бірге балағат сөздердің шығу тарихын ұсынады. Деректі шоу ретінде түсірілген жоба балағат сөздердің мәдениетке қалай енгенін және оның адамдардың эмоциясына қалай әсер еткенін баяндайды.  

"Убийства в Пембрукшире"

Кісі өліміне қатысты тағы бір оқиға. 80 жылдарда Пембрукшире графствосында қылмыс болады. Оқиға жабылғанымен, араға 20 жыл салып, детектив Стив Уилкинс қолына алады. Бұл оқиғамен таныс болмасаңыз, сізді детективтің іс-әрекеті біраз күдік тудырады. Бірақ финал бәрібір қуантпай қоймайды.

Т. Есқали