Атақты фильмдер түсірілген аймақтар

Атақты фильмдер түсірілген аймақтар
Фото: aboutspacejornal.net

Фильмнің блокбастер атануына тек актерлер, сценарий ғана емес, оның түсірілген жері де әсер етеді. Бүгін назарыңызға атақты фильмдер түсірілген жер атауларын ұсынамыз.

"Марсианин" – Вади Рам шөлі

Мэтт Дэймон бас кейіпкерді сомдайтын бірнеше миллион табыс тапқан блокбастер фильм Марста жалғыз қалғанда қалай өмір сүруге болатынын көрсетеді. Бұл фильм Вади Рам шөл даласында түсірілді. Шөл дала Иордания жерінде. Вади Рам шөлді аймағына жету екінің бірінің қолынан келе бермейді. Сонымен қатар, бұл жерде "Жұлдыздар шайқасы", "Прометей", "Трансформеры" фильмінің кей сахналары түсірілген. 

"Тірі қалу" – Мокулея жағалауы

Бір кездері жұртты шулатқан сериалдардың бірі "Тірі қалу" болатын. Барлық киномандар құлаған ұшақ апатынан аман қалған жолаушылардың өмірін жіберместен бақылаумен болды.  Фильм Гавайи аралындағы Мокулея жағалауында түсірілген. 

"Жастық" – Флимс-Лаакс шипажайы

Атақты Паоло Соррентиноның шығармашылығын жақсы көретіндер швейцариялық шипажай Флимс- Лаакске міндетті түрде бару керек. Режиссер өзінің атақты фильмі "Жастықты" сол жерде түсірген.  

"Аман қалған" – Банф ұлттық саябағы 

Егер сіз Леонардо Ди Каприоның "Оскар" алар сәтін асыға күткен болсаңыз, онда міндетті түрде Канадада орналасқан Банф ұлттық саябағына баруыңыз керек. Өйткені, актерге жүлде сыйлаған “Аман қалған” фильмі осы жерде түсірілген.   

"Талантты Рипли мырза" – Позитано 

"Талантты Рипли мырза" фильмінде атақты актерлер  Джуд Лоу, Мэтт Дэймон, Гвинет Пэлтроу мен Кейт Бланшетт бас кейіпкерлерді сомдайды. Фильмге әсер еткен тағы бір нәрсе жағалау мен әсем табиғат екені анық. Еуропа атмосферасын сезіну үшін Позитаноға аттаныңыз. Шағын қала Римнен бірнеше сағаттық жерде орналасан. 

Т. Есқали