Кристен Стюарт Диана ханшайым рөлінде

Желіде ханшайым туралы драманың түсірілімінен суреттер тарауда. Жаңа драма "Спенсер" деп аталса, бас кейіпкерді "Ымырт" фильмінің жұлдызы Кристен Стюарт сомдайды.  

Фильмнің түсірілім жұмыстары өткен жылы басталған болатын. Режиссері —  чилилік Пабло Пабло Ларраин, ал сценарийн Стивен Найт жазған. Оқиға 90-жылдардың басында өтеді. Сценарийі бойынша Рождество қарсаңындағы Диананың үш күні сипатталады. Авторлар ханшайымің жары Чарльзбен, ұлдары Уильям және Гарримен қарым-қатынасын сипаттайды.

Түсірілім жұмыстары жаздың басында аяқталады.