Netflix Дэвид Бекхэмнің өмірі туралы деректі сериал түсіреді

Netflix Англия ұлттық құрамасының бұрынғы капитаны Дэвид Бекхэммен құны 16 миллион фунт стерлинг болатын келісімшарт жасасты. Платформа футболшы мансабы мен жеке өмірін көрсететін деректі сериал түсіреді. Сериал платформаға 2021 жылы шығады деп жоспарланған.

Жобада Дэвидтің достары, командаластары сұхбат береді. Сонымен бірге сериалда Бекхэмдер әулетінің жеке мұрағатынан алынған тың бейнежазбалар көрсетіледі.

Деректі сериал авторлары Дэвид пен Виктория арасындағы қарым-қатынасқа ерекше назар аударуға уәде береді. Ең жарасымды жұптың танысуы мен алғашқы кездесулерінен бастап қазірге дейінгі өмірін көрсетеді.