"Барымташылар. Уақыт жолы" фильмі Францияда көрсетіледі

Қазақстан мен Жапония елдері бірлесіп түсірген "Барымташылар. Уақыт жолы" фильмі Францияда 16 желтоқсанда прокатқа шығады.

"Барымташылар. Уақыт жолы" фильмі жылқы бағумен айналысатын қарапайым отбасы туралы баяндайды. Бір күні жылқы үшін адам өлтіруден тайынбайтын барымташылар отағасын өлтіреді.

12 жасар Олжас барымташылардың қолынан мерт болған әкесінің өліміне қайғырып, зұлымдықпен күресіп, отбасына түскен ауыртпалықты қарындастарымен бірге көтереді. Қорғансыз қалған Олжастың отбасына ғайыптан пайда болған бөгде біреу қолұшын созады.

"Фильмнің сценарийі Қазақстанда болған шынайы оқиғаға негізделген. Жақындарынан айырылудың қандай қиын екенін осы оқиға арқылы кинематографиялық тілмен жеткізгім келді", - дейді режиссер Ерлан Нұрмұхамбетов.

Фильмде бас рөлдерді Канн кинофестивалінде үздік актриса атанған Самал Еслямова, қазақстандық актер Дулыға Ақмолда және жапондық актер Мирай Морияма сомдайды. Сондай-ақ фильмге Мәди Минайдаров есімді жас актер түсті.

Кинокартина Бусан, Токио, Гётеборг, Шанхай және Хельсинки кинофестивальдеріне қатысып үлгерген. Алдағы уақытта Cottobus неміс кинофестивалі мен Торонтодағы Азия киносының ХКФ конкурсына қатысады.

Киноны түсіруге интернационалды топ атсалысты. Олар: "Жаңғақ тал" фильмі үшін 20-шы Бусан кинофестивалінің "Жаңа толқын" (New Currents) бағдарламасында үздік атанып, Бас жүлдені иемденген режиссер Ерлан Нұрмұхамбетов (Қазақстан), фильмнің тең режиссері Лиза Такеба (Жапония), жапондық продюсер Сёдзо Ичияма (Такеша Китано, Цзя Джангке, Хоу Сяосяня сынды танымал режиссерлер түсірген фильмдердің продюсері), продюсер Юлия Ким (Қазақстан/Франция), Берлин кинофестивалінде "Асланның сабақтары" фильмі үшін "Күміс Аю" жүлдесімен марапатталған қоюшы операторы Әзиз Жамбакиев (Қазақстан).

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

Бүгінгі қазақтың тұрмысына лайық тұлпар қандай?
Бүгінгі қазақтың тұрмысына лайық тұлпар қандай?
Әлемнің ең биік шыңын бағындырған тұңғыш қазақ
Әлемнің ең биік шыңын бағындырған тұңғыш қазақ
Қашықтан жұмыс істеудің денсаулыққа зияны
Қашықтан жұмыс істеудің денсаулыққа зияны
Назарбаев университетінің басқа жоғарғы оқу орындарынан басты ерекшелігі неде?
Назарбаев университетінің басқа жоғарғы оқу орындарынан басты ерекшелігі неде?
Баланың ішкі мотивациясын қалай оятуға болады?
Баланың ішкі мотивациясын қалай оятуға болады?
"Абай жолының" қысқаша мазмұны. IV том, "Қапада"
"Абай жолының" қысқаша мазмұны. IV том, "Қапада"