"Томирис" Франциядағы кинофестивальде Гран-приге ие болды

Режиссер Ақан Сатаевтың "Томирис" фильмі Парижде өткен L'Étrange Festival кинофестивалінің Гран-приін жеңіп алды.

Отандық фильм қыркүйектің 2-сі мен 13-і аралығында Францияда өткен L'Étrange Festival кинофестивалінің арнайы "Жаңа жанр" жүлдесін жеңіп алды. Жүлдені Франциядағы ең ірі ақылы телеарналардың бірі Canal+ табыстап, фильмді көрсету құқығын сатып алды. Енді отандық фильмді Франциядағы ең ірі телеарнаның бірінде прайм-тайм уақытында көрсету жоспарланып отыр.

Бұған дейін "Томирис" фильмін көрсету құқығын Италия үшін Blue Swan, Франция үшін SND Films, Испаниядан Art Mood, Жапониядан AT Entertainment, Таяу Шығыстан Gulf Film, Оңтүстік Кореядан Challan, ТМД елдері үшін Paradise/MGN, Сингапурдан Shaw, Румынядан Program 4 Media және Түркия үшін Siyah Bayez Movies компаниялары көрсету құқығын сатып алғаны белгілі болған еді.

Еске салсақ, кинотуынды  біздің заманымызға дейінгі VI ғасырда болған оқиғаны суреттейді. Фильмде кішкентай қыздан айбынды жауынгерге айналған, жақындарынан айрылып, сатқындардан өшін алған және сақ тайпаларын өз билігі астында біріктірген ұлы даланың аты аңызға айналған Томирис патшайымының тағдыры баяндалады.

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

Киіз үйдің математикалық сипаты
Киіз үйдің математикалық сипаты
Алғашқы обсерватория қайда орналасқан?
Алғашқы обсерватория қайда орналасқан?
"Астана" қарсыласына қарымын көрсете алмады
"Астана" қарсыласына қарымын көрсете алмады
"Чарли және шоколад фабрикасы" кітабы қандай балаларға арналған?
"Чарли және шоколад фабрикасы" кітабы қандай балаларға арналған?
Жатбауыр – "Атау кере" романындағы кесек тақырып
Жатбауыр – "Атау кере" романындағы кесек тақырып
Балаға спорт үйірмесін таңдауына қалай көмектесу керек?
Балаға спорт үйірмесін таңдауына қалай көмектесу керек?