2013 жылы «Ер Төстік және Айдаһар» фильмі экранға жол тартады

2013 жылы «Ер Төстік және Айдаһар» фильмі экранға жол тартады

Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы "Ер Төстік және Айдаһар» атты алғашқы толықметражды анимациялық фильмінің жұмысын аяқтауға жақын қалды. Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай 14 желтоқсанға жоспарланған қазақ киносының апталығында көрсетілімнің тұсауы кесілетін болады. Бұл жөнінде киностудияның ақпарат-қызметі хабарлап отыр. 

"Ер Төстік және Айдаһар» фильмінен 

Қазақтың анимациялық фильмінің тарихы "Қарлығаштың құйрығы неге айыр?" атты алғашқы қысқаметражды мультфильмнің жарық көруімен тікелей байланысты. Содан бері 45 жыл өтті. Міне, енді жақында «Казақфильм» киностудиясы қазақ анимациясында алғаш рет толықметражды ертегінің тұсауын кескелі отыр. 

Жаңа анимацилық фильм қазақ тілінде 2013 жылы 3D форматта шығады. Қазақфильм өкілдерінің айтуынша, келер жылдан бастап қазақ анимациясы жаңа бағытта дамитын болады. Өйткені алдымыздағы жылға "Мың бала" анимациялық фильмі мен "Асықтың тарихы" атты мултьфильм жоспарланып отыр. 

Сонымен қатар, арнайы мамандар анимациялық кейіпкерлерді кітап етіп шығаруға, ойыншық үлгісінде жасауға көп күш жұмсамақ. 

Дайындаған: Ақерке Әбілхан

Сурет: k1.kz

А. Әбілхан