Қытайда кинотеатрлар ашыла бастады

Қытайда кинотеатрлар ашыла бастады
Фото: www.buro247.ua/

Қытайда карантиннен кейін кинотеатрлар ашыла бастады, бірақ коронавирус пандемиясына байланысты қауіпсіздік шараларын сақтау қатаң қадағаланады.

Көрермендерді арнайы бекітілген ережелерді сақтауға ынталандыру үшін дистрибьюторлар ерекше фильм постерлерін шығарды. Онда әйгілі фильмдердің кейіпкерлері залда қорғаныш маскаларын тағып, бір-бірінен қауіпсіз қашықтықта отыр.

Мұндай ирониялық постерлерде "Ла-Ла Лендтегі" Миа мен Себастьян, "Күндердің бір күнінде Голливудта..." фильміндегі Клифф Бут пен Рик Далтон және "Амели", "Таксист" т.б. фильм кейіпкерлері бейнеленген. 

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Оңтүстік Кореяда да кинотеатрлар ашылған болатын. Олар көрермен өзін қауіпсіз сезінуі және COVID-19 вирусын жұқтырып алудан қорықпауы үшін автоматтандырылған жүйе бойынша жұмыс істейтін болды.

Мысалы, Ёыйдо аралындағы CJ-CGV кинотеатр желісінің залында қызметкерді робот алмастырды, билетті сатып алу және сканерлеуге арналған автоматты касса орнатылды. Сонымен қатар көрермендерге басқа адаммен байланыссыз-ақ арнайы мобильді қосымша арқалы тамақ пен сусынға тапсырыс беруге мүмкіндік жасалған. 

Т. Раушанұлы