Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Арнайы жобалар директоры

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Мәдениет / Кино / “Батырлар” тарихи драмасы прокатқа шығады

“Батырлар” тарихи драмасы прокатқа шығады

“Батырлар” тарихи драмасы прокатқа шығады

Қан майданда жеңілістен жасқанбай, қарсыластан тайсалмай, қазақ жерін найзаның ұшымен, білектің күшімен қорғаған қазақ батырларының өмір жолы туралы “Батырлар” тарихи картинасын 12 наурыздан бастап еліміздің кинотеатрларынан тамашалай аласыздар.

Қазақстан тарихындағы қаһарман-батырлар мен баһадүрлер туралы кинофильм еліміздің үлкен экрандарынан жол тартады. Аталмыш туындыға Қарасай батырдың, сондай-ақ, оның досы Ағынтай мен Таймас батырлардың өмірі мен ерлігі арқау болған.

Қазақ киносында қазіргі заманның батыры жоқ. Мәселен, Қарасай батыр өз елі мен отбасы үшін күрескен нағыз азамат. Оның балалары соғыста қайтыс болған. Өзі 19 жекпе-жекке қатысып, біреуінен де жеңіліс көрмеген. Ол қазақ халқының бірлігін аңсаған. Кинофильмді көрген жастар өз ата-бабаларының қазіргі кездегі еліміздің жағдайы үшін қалай күрескенін көре алады”, - дейді кинокартинасының режиссері Асқар Ұзабаев.

Еңбек жолында алғаш рет тарихи жанрда толықметражды “Батырлар” кинокартинасын таспалаған режиссер Асқар Ұзабаев: “Ол замандағы қазақ батырларының бәріне тән тек бір ғана ортақ мүдде, ортақ қасиет бар. Ол – Отанына, халқына деген шексіз сүйіспеншілік. Бұл кинофильм - “кескеліскен шайқастарға толы”, себебі, сол кездің адамдары аз сөйлеп, дау-дамайдың барлығы білектің күшімен шешілген”,- деп сөзін аяқтады.

Кинофильмде көрермен орта ғасырдағы соғыс пен қантөгіске толы заманға саяхат жасайды. Осындай қиын-қыстау заманда дүниеге келген бозбаланы тағдыры батыр болуға итермелейді. Жастайынан ер мінезді болып өскен Қарасайды әкесі Алтынай батырлық пен батылдыққа баулып өсіреді. Қарапайым бозбала қолбасшы атағына қалай жетті? Ол қандай шайқастарда жеңіске қол жеткізді? Қазақтың кең даласын сақтап қалу үшін ол қандай қадамдарға барды? Осы сұрақтардың жауабын “Батырлар” кинотуындысынан көре аласыздар. 

Фильмде басты рөлдері – Ержан Нұрымбет, Назар Шерхан, Мұрат Бисенбин, Самал Еслямова және т.б. актерлер сомдайды.

0
Рейтинг: +0

Фото: қазақфильм
Қосылған күні: 26 ақпан, 13:22

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.