Кинематография тарихындағы тігінен түсірілген алғашқы толықметражды фильм

Кинематография тарихындағы тігінен түсірілген алғашқы толықметражды фильм
Фото: vk.com

Жуырда кинематография тарихындағы тігінен түсірілген алғашқы толықметражды фильмді тамашалау мүмкіндігі туады. 

Белгілі режиссер Тимур Бекмамбетов түсірілімге осы аптада кіріскелі отыр. Картина "Фау-2. Тозақтан қашу" деп аталады. Бас кейіпкер – КСРО батыры, жойғыш-ұшқыш Михаил Девятаев.

Рөлді Павел Прилучный ("‎Мажор"‎) сомдайды. Картинанының бірден екі нұсқасы шығады. Бірі орыс тілінде, екіншісі ағылшын тілінде, соңғысына шетелдік көрермендерге түсінікті болуы үшін қосымша кадрлар қойылады.

"Фау-2. Тозақтан қашу" фильмінің премьерасы 2021 жылы МТС телефон операторының платформасында болады‎.

Естеріңізге сала кетейік, 2019 жылы Snapchat "Snap Originals" аталатын жаңа веб-шоудың шыққаны туралы хабарлаған еді. Оған Тимур Бекмамбетовтің Bazelevs компаниясы шығарған алғашқы тігінен түсірілген сериал енген еді. Онда кішкене қыз зомбилар қоршап алған қаладан гаджет көмегімен құтылудың жолдарын іздейді. Жаңашылдыққа жаны құмар Бекмамбетов screenlife форматындағы картиналар да түсіріп жүр. Мұндай туындыларда орын алған оқиғаларды көрермен смартфон арқылы тамашалай алады.

А. Оралқызы