Болған оқиғаға негізделген "Майами аферасы" фильмі жарыққа шығады

Болған оқиғаға негізделген "Майами аферасы" фильмі жарыққа шығады
Фото: vk.com

Әлеуметтік желілерде "Майами Аферасы" (Wasp Network) аталатын фильмнің трейлері тарады.

Жаңа туындыда Пенелопа Крус, Аня де Армас, Гаэль Гарсия Берналь сынды танымал жұлдыздар ойнайды. Картина режиссері – Канн және Венеция кинофестивальдерінің лауреаты, аса талантты Оливье Ассайас.

Фильм сюжеті бразилиялық жазушы Фернандо Морайстың "Қырғи-қабақ соғыстың соңғы солдаттары: кубалық бестік оқиғасы" (The Last Soldiers on the Cold War: The Story of the Cuban Five) атты романына негізделген. Әскери қызметтерін мінсіз орындаған солдаттардың кокаин саудасымен айналысқаны белгілі болады. Бұл олардың өмірін мәңгілікке өзгертеді.

Фильмнің әлемдік премьерасы былтыр Венеция кинофестивалінде болған. Біздің өңірде прокатқа осы наурыз айында шығады.

А. Оралқызы