Голливуд аңызы Кирк Дуглас 103 жасында өмірден өтті

Аты аңызға айналған атақты актер Кирк Дуглас 103 жасында мәңгілік мекеніне аттанып кетті. Бұл туралы Батыс басылымдарына оның ұлы, актер Майкл Дуглас хабарлаған.

"Ол – өз заманының аңыз тұлғасы. Менің әкем – Голливудтың алтын дәуірінің өкілі", - деді Майкл Дуглас. Сондай-ақ ол Кирк Дуглас өмірін хас таланттарға сай сүргенін, өзі бақтлық болса да артынан өшпес мұра қалдырғанын айтты.

Кирк Дуглас ұлы Майкл Дуглас пен келіні Кэтрин Зета-Джонстың ортасында

Кирк Дуглас – кинематография тарихындағы аса танымал тұлғалардың бірі әрі бірегейі. Сансыз фильмдерге түсуен қатар, 10 шақты кітап жазып қалдырған.