Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Мәдениет / Кино / Ұлыбританияда қазақ киносының апталығы ашылды

Ұлыбританияда қазақ киносының апталығы ашылды

Ұлыбританияда қазақ киносының апталығы ашылды

Қазақ кино апталығының салтанатты ашылуы Лондонның ең танымал кинотеатрларының бірі – Лестер-сквердегі «Vue West End» кинотеатрында өтті. Мәдени іс-шараны режиссер Сәбит Құрманбековтың «Оралман» фильмі ашты. Шетелдік көрерменге фильмді белгілі кинодраматург, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, картинаның сценарий авторы Нұрлан Санжар ұсынды. 

Салтанатты ашылуында сөз сөйлеген Қазақстанның Ұлыбританиядағы Елшісі Ерлан Ыдырысов кино апталығының бағдарламасы шетелдік көрермендерге отандық кинематографияның байлығы мен жан-жақтылығын ашып, Қазақстанның тарихымен, мәдениеті және дәстүрімен терең танысуға мүмкіндік беретінін атап өтті.

 - Көрермендер фильмді өте жақсы қабылдады. Көрсетілім кезінде жылаған көрермендер де болды. Қазақ киносы сонау Англияда көрсетіліп, халықтың көңілдерінен шығып жатқанына өте қуаныштымын. Осындай мерекелер көп болсын, - деді Нұрлан Санжар.  

Көрсетілімнен кейін сценарист Н.Санжар және «Қазақстандағы фильм және бірегейлік: Орталық Азиядағы кеңестік және посткеңестік мәдениет» кітабының авторы, Линкольн университетінің саясаттану доценті доктор Рико Айзекстің қатысуымен пікірталас өтті. 

Қазақ киносының апталығы «Рухани жаңғыру»  және «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламаларын жүзеге асыру аясында ҚР Ұлыбританиядағы Елшілігі ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің, сондай-ақ Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ-ның қолдауымен ұйымдастырылды.

0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Айымгүл Оралқызы
Фото: vk.com
Қосылған күні: 31 қазан, 08:50

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.