Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Арнайы жобалар директоры

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Мәдениет / Кино / Әділхан Ержановтың "Риэлтор" фильмі "Мәскеулік тұсаукесер" фестиваліне қатысады

Әділхан Ержановтың "Риэлтор" фильмі "Мәскеулік тұсаукесер" фестиваліне қатысады

Әділхан Ержановтың

Режиссер Әділхан Ержановтың «Риэлтор» фильмі Ресейде қазанның 29-ы мен қарашаның 3-і аралығында өтетін посткеңестік кеңістігіндегі елдер арасындағы «Мәскеулік тұсаукесер» атты халықаралық кинофестиваліне қатысады. «Қазақфильм» киностудиясы түсірген туынды фестивальдің «Еуразиялық кеңістік. ХХI ғасыр. Үздік толықметражды дебют» атты бағдарламасында көрсетілмек.  

«Риэлтор» фильмінде өткені де, болашағы да бұлыңғыр Дарик есімді өмірден адасқан жігіттің өмірі баяндалады. Бір күні ол белгісіз бір жерде есін жиып, өңі метүсі ме, ештеңе түсіне алар емес. Табиғатпен оңаша қалған Дарик аман қалу үшін қалада үйренген барлық амал-тәсілдерін еске алуға мәжбүр болады. Бірақ мұнда, кең далада, ең алдымен, өзіңнің кішкентай тайпаңды жинау қажет... 

«Мәскеулік тұсаукесер» фестивалін ТМД Мемлекетаралық гуманитарлық ынтымақтастық қоры қолдауымен «Екі Андрей» атты мәдениет және кинематографияны қолдау қоры ұйымдастырған. Фестивальге Әзірбайжан, Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Молдова, Ресей, Өзбекстан, Украина, Тәжікстан, Грузия, Литва, Латвия және Эстония сынды елдердің  киногерлері қатысады. Фестиваль шеңберінде әр түрлі форматтағы 40 фильм көрсетіліп, танымал режиссер Кира Муратованың (1934 – 2018) еске алу кеші өткізіледі. Сонымен қатар, іс-шара барысында отандық «Ине» фильмінің (режиссері Рашид Нұғыманов) 30 жылдығына орай арнайы кеш ұйымдастырылмақ. 

Айта кетсек, «Риэлтор» фильмі 2011 жылы Анапада өткен «Киношок» кинофестивалінде қазылар алқасының арнайы жүлдесіне және Санкт-Петерборда өткен «Дебоширфильм — Чистые грезы-XIV» халықаралық фестивалінде «Табылған адам үшін» арнайы жүлдесіне ие болды. Сондай-ақ Әділхан Ержановтың фильмі «Киноликбез» (Барнаул, Ресей, 2012) кинофестивалінде бас жүлдеге қол жеткізіп, 10-ші Шәкен жұлдыздары фестивалінде «Үздік толықметражды фильм» жүлдесін алды. Одан бөлек бұл кинотуынды Сеулде өткен 6-шы CINDI атты сандық кино фестивалінде White Chameleon Award жүлдесімен және «Үздік дебют» номинациясы бойынша ұлттық «Құлагер» жүлдесімен марапатталған болатын.

0
Рейтинг: +1

Дайындаған: Айымгүл Оралқызы
Фото: vk.com
Қосылған күні: 25 қазан 2019, 08:31

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.