Оқи отырыңыз

Өзі білмесе де елге ақыл айту – қазақтың қасиетті өнері.

Автор: Оралхан Бөкей

— Редактор бағаны —

Бір жылдан кейін орындалған аманат...
Бір жылдан кейін орындалған аманат...

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Мәдениет / Кино / «Студент» фильмі Португалия фестивалінде арнайы сыйлық алды

«Студент» фильмі Португалия фестивалінде арнайы сыйлық алды

«Студент» фильмі Португалия фестивалінде арнайы сыйлық алды

Дәрежан Өмірбаевтың «Студент» фильмі Lisbon & Estoril Film Festival қазыларының арнайы жүлдесін алды. Фестиваль 9-18 қараша аралығында өткен болатын, деп хабарлайды «Қазақфильм» АҚ баспасөз қызметі.

Фанни Ардан жетекшілік еткен қазылар алқасы қазақ режисерінің шеберлігіне, жаңалығына назар аудара отырып жүлде берген екен. Фильм Федор Достоевскийдің «Қылмыс пен жаза» романының мотивімен түсірілген. 2012 жылы 17 мамырда Канн фестивалінде тұсауы кесілген фильмде Алматы қаласында Жоғары оқу орындарының бірінде оқитын студенттің әлеуметтік жағдайы, өмірі, қиындықта қабылдайтын шешімі мен әрекеті баяндалған. Қазақстандық фильммен қатар, Ресей режисері Марина Разбежкинаның "Қыс, баршы" ("Зима, уходи") фильмі "Ең керемет дебют" номинациясында сыйлық алды. Уиллем Дефо, Ингрид Кавен, Монти Хеллман секілді атақты киноактерлер шеберлік сабақтарын өткізуге арнайы Лиссабонға ат басын тірепті. 

Фестивальдің негізгі мақсаты мәдениеттің әртүрлі бағыттарын түйістіру, кинодан әдебиет өнеріне, музыкадан суретшілік өнерге бағыт алу болып табылады, делінеді ақпарттық қағазда.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл жоба заманауи өмірдің өзекті тақырыптарын сөз етіп, әлемдегі түсіріліп жатқан танымал емес фильмдерді көрерменмен таныстыруға мүмкіндік туғызатын жер.

Дайындаған: Ардақ Құлтай

Сурет: mundodocinema.pt, filmena.ru

1127 4
Рейтинг: +2

Дайындаған: Ардақ Құлтай
Қосылған күні: 23 қараша 2012, 12:24
Пікірлер
+0
23 қараша 2012, 14:33

Құтты болсын!

+0
23 қараша 2012, 14:42

сюжет шынайы, мен осындай фильмдерді көргенді ұнатамын. Кинода да жетістікке жетіп жатырмыз, бұл мәдениетіміздің жоғары екенін көрсетеді!

+0
23 қараша 2012, 15:13

бұл киноны көрмеппін

+0
26 қараша 2012, 23:57

Кушти екен :)

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...