"Мұқағали", "Ұзақ жаңғырық". Қазақфильм жуырда қандай фильмдер ұсынады?

Шәкен Айманов атындағы "Қазақфильм" киностудиясы жуырда бірнеше көркем, деректі фильмдерді жарыққа шығармақ.

Жақында шығатын көркем фильмдердің бірі – Шәкен Аймановтың 1957 жылы шыққан "Біздің сүйікті дәрігер" музыкалық комедиясының екінші бөлімі. Картинаның режиссері – Асқар Бисембин. Фильм 2021 жылдың көктемінде прокатқа шығады.

2020 жылдың аяғында режиссер Сатыбалды Нарымбетовтің "Ұзақ жаңғырық" көркем фильмі көрерменге жол тартады. Фильмде поляк жазушысы, Қазақстанға жер аударылған төңкерісші, даланың этнографиялық құндылықтарын жинаған Адольф Янушкевичтің тағдыры баяндалады.

Ал қазір режиссер Болат Қалымбетовтің "Мұқағали" фильмі түсіріліп жатыр. Фильм қазақтың ақиық ақыны Мұқағали Мақатаевтың бұлтарыс-қалтарысқа толы тағдырына, шығармашылығына арналған. Картина келер жылдың аяғына қарай үлкен экранға шығады.

Сонымен қатар, қысқа қарай екі деректі фильм көрерменге жол тартады. Каменскийдің "Нұркен Әбдіров. Мәңгілік өмір шыңына" деректі фильмінде миллиондаған адам қатысқан соғыс арқылы адам тағдыры суреттеледі. Фильмнің бас кейіпкері – ерлік пен батылдықтың символына айналған қаһарман батыр Нұркен Әбдіров. Ал Б. Қайырбековтің "Керей жылқысы" қазақ халқының қанаты – жылқыға арналады.

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

Жүзіктің денсаулыққа пайдасы
Жүзіктің денсаулыққа пайдасы
Алматы "сары" аймаққа кірді - Сағынтаев
Алматы "сары" аймаққа кірді - Сағынтаев
ER-BATYR: Қ.Бейсекеев тұрмыстық зорлық-зомбылық, жеңіл ақша және алдағы жобалары жайлы сөз қозғайды
ER-BATYR: Қ.Бейсекеев тұрмыстық зорлық-зомбылық, жеңіл ақша және алдағы жобалары жайлы сөз қозғайды
Данияр Елеусінов мансабындағы алғашқы титулдық жекпе-жекте жеңіске жетті
Данияр Елеусінов мансабындағы алғашқы титулдық жекпе-жекте жеңіске жетті
Польшада дүниежүзіндегі ең терең бассейн ашылды
Польшада дүниежүзіндегі ең терең бассейн ашылды
Адамдар қоныстанған әлемдегі ең кішкентай 5 арал
Адамдар қоныстанған әлемдегі ең кішкентай 5 арал