Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Мәдениет / Кино / “Бизнес по-казахскии в Корее”: Фильм сюжеті қандай?

“Бизнес по-казахскии в Корее”: Фильм сюжеті қандай?

 “Бизнес по-казахскии в Корее”: Фильм сюжеті қандай?

2016 жылы басталып, көрерменнің ыстық ықыласына бөленген фильм "Бизнес по-казахскии" осы уақытқа дейін Алматы, Лос-Анджелес, Дубай қаласы мен Африка құрлығында түсірген болатын. Ал алдағы уақытта жарыққа шығатын фильмнің төртінші бөлімі Оңтүстік Корея астанасы Сеул қаласында өтеді деп жоспарлануда. 

Жоспар бойынша фильмнің алғашқы түсірілім жұмыстары Алматы қаласында өтеді. Кейін жалғасын түсіру үшін шығармашылық топ Оңтүстік Кореяға аттанады. Картина үлкен экранға биыл желтоқсанда жол тартады. 

Нұрлан Қоянбаев фильмнің шығатын мерзімін көрсете отырып, фильм турасында былай дейді: "Дәстүрді бұзбай, фильмді әдеттегідей Жаңа жыл қарсаңында экранға шығарамыз. Бір ай бойы Алматы мен Сеулде тынбай жұмыс істеп, қалған уақытты постпродакшнға арнаймыз. Жаңа бөлімде сценаристер фильмнің алғашқы бөліктеріндегі ең ұтымды сәттерді сақтап қалуға тырысты. Көрерменге бұрынғыдай ізгілікке, адамгершілікке, жылы әзілге толы туынды ұсынамыз деп уәде береміз".

Бүгінде жастар арасында танымал "К-pop" стилі, кәріс жастарының өмірі мен қала келбетін "Бизнес по-казахски в Корее" фильмінің сюжеті арқылы көре аласыздар.


Басты рөлдерді әдеттегі танымал актерлер Жан Байжанбаев, Дариға Бадықова, Гүлназ Жоланова, Нұрлан Қоянбаев, Рамазан Амантай, Қажет Смағұл, Дильназ Ахмадиева, Қайрат Құдайберген және тағы басқа актерлер сомдайды. Ал фильм желісі мынадай:

Отбасылық қонақүйде халықаралық конференция өтуі тиіс. Жомарт (бас кейіпкер) келген қонақтарға жаңа техниканы таныстырмақшы. Осы мақсатпен ол қонақүйді жоғары технологиялы тұрмыстық техникамен жабдықтауға көшеді. Алайда швейцар Бақдәулет (басты бүлдіргі) аңдаусызда клиенттің бағалы құрылғысын сындырып алады. Ал бұл құрылғыны тек Сеул қаласында жөндеуге болады. Сондықтан олар көп ұзамай Оңтүстік Кореяға аттанады. Басқа фильмдерден ерекшелігі, осы уақытқа дейінгі фильмдерде басты кейіпкер бизнесінің даму барысы көрсетілсе, бұл жолы Жомарт – аяғына тік тұрған табысты кәсіпкер. 

Неге Оңтүстік Корея таңдалды? - деген сауалға бас продюсер былай жауап береді: "Жаңа ел жайында ұзақ ойландық. Алғашында Еуропаны, Аустралияны болмаса Ресейді көздедік. Бірақ әлеуметтік желіде жүргізген сауалнама нәтижесінде Сеулде түсіретін болып шештік. Оңтүстік Кореямен келіссөз ұзақ жүрді. Сеул қаласының тыныс-тіршілігін сезіну үшін былтыр да, биыл да ол жаққа ұшып бардық. Мәдениетімен, халқының өмірімен танысып, локация таңдадық". 

Сонымен қатар,  фильм авторы Нұрлан Қоянбаев өзінің Instagram парақшасында "Кейіпкерлерге арнап ең қызық эпизод ойлап тапқан 4 адам түсірілім тобымен бірге Сеулге аттанады" деген байқау жариялады. Бүгінгі күні оқырмандардан 4 мыңнан аса әзіл түсіп үлгерді.

2
Рейтинг: +2

Дайындаған: Томирис Есқали
Фото: "Бизнес по казахскии"
Қосылған күні: 09 тамыз, 12:08

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.