Кубриктің ерлі-зайыптылар туралы 3 сценарийі табылды

Кубриктің ерлі-зайыптылар туралы 3 сценарийі табылды
Фото: vk.com

Аты аңызға айналған режиссер Стэнли Кубрик осыдан 20 жыл бұрын өмірден өтіп кетсе де, қалдырған мұрасы таусылар емес. Лондон қаласынан маэстроның 3 бірдей сценарийі табылды.

The Guardian басылымының хабарлауынша, олар 1954 және 1956 жылдар аралығында жазылған. Сол кездері Кубрик дизайнер әйелі Рут Соботкамен тіл табыса алмай жүрген екен. Табылған 3 сценарий де бір-бірімен бақытсыз ерлі-зайыптылар өміріне арналыпты. Атаулары: "Үйленген жігіт" – 35 бет, "Мінсіз отбасы" – 7 бет және "Қызғаныш"– 13 бет.

Кубрик әйелімен

Осындай құнды қазына Кубрик үйіндегі дүниелерді Өнер университеті қорына өткізу кезінде табылған.  Сценарийлердің бірінде маэстро былай дейді: "Үйлену десертті басында беретін ұзақ трапеза іспетті. Уақыт өткен сайын тәттісі таусыла береді".

А. Оралқызы